Соңғы жылдары ел тұрғындары арасында Қазақстанның туристік объектілеріне деген қызығушылық өсуде, бұл қарқын әсіресе пандемия кезінде халықаралық шекаралар жабылуына орай ерекше байқалды. Қазақстандықтар экологиялық, этнографиялық, шипажайлық-курорттық және де туризмнің басқа да бағыттары бойынша саяхаттау мүмкіндіктерін қарастыруда. Ал бұның есесіне аталмыш орындарда көрсетілетін қызмет сапасына деген талап та өсе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы саланың осы түрін таңдаған кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетуде. Нарықты талдай келе, ондағы көкейтесті мәселелерді айқындап, «Kazakh Tourism» жаңа жобаға кірісіп отыр. Бұл – турбизнес субъектілері тәжірибе алмасып, ақпарат және білім алатын виртуалды алаң - Қазақстан туризмінің онлайн академиясы.
Жобаның мақсаты – сала мамандарының тәжірибесін біріктіріп, барлық стейкхолдерлерге Қазақстандағы туризмді дамытуға бағытталған күнделікті жұмыстарына қажет болатын өзекті ақпарат пен білім көзіне бірдей қол жеткізу мүмкіндігін беру, әрі кез келген уақытта білімдерін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау.
Онлайн академияның тыңдаушылары – туризм саласындағы барлық бизнес өкілдері: туроператорлардан бастап, турагенттер, экскурсия жетекшілері, аудармашылар, этнокешендер, кемпингтер, ауылшаруашылық фермалар, жол жиегіндегі қызметтер иелері мен отельерлер, сондай-ақ салада қызмет етуге ынталы жоғары оқу орындары түлектері. Академиядағы оқу тегін жүргізіледі.
Заман талабына сай жаңа форматта ұйымдастырылып отырған онлайн академия COVID-19 пандемиясы жағдайындағы адам санын шектеу мәселесін шешіп, тыңдаушыларға кәсіби оқудың қауіпсіз түрін ұсынып отыр.
«Онлайн форматта ішкі туризм академиясын құру – жаңа уақыт талабы ғана емес, туристік нарықты кәсіби бастамада толығымен біріктіріп, әріптестерімізге туризмнің ардагерлері мен білікті тренерлерінің білімдері мен тәжірибелерін ұсыну алаңы. Бұл жобаны бастаған кезімізде ең алдымен әлемдегі және елдегі орын тауып отырған эпидемиалогиялық жағдайды ескердік. COVID-19 бір жағынан халықаралық туризмді шектесе, екінші жағынан ішкі туризмді дамытуға жол ашты. Өйткені қазақстандықтар өз елінің әсем жерлері жайлы ақпарат іздеп, ішкі туризмге қызығушылық таныта бастады. Ал бұл аталмыш сала үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. Осы ретте біз Онлайн академияның ішкі туризмді дамытудағы және де жалпы туризм бизнесін жаңғыртудағы керемет мүмкіндік екеніне сенім артамыз», – дейді «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.
Академияның спикерлері мен қонақтары салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, туризмде ауқымды тәжірибесі бар жетекші мамандар, маркетологтар және де салада табысты бизнес иелері. Мысалы алғашқы қурстардың спикерлері қатарында «Sky Way» туроператорының бас директоры Әсем Қозбағарова; Кәсіпкер, құқықтық мәселелер бойынша сарапшы Талант Рамазанов; Almaty City Tour және ACT Қазақстан туроператорының директоры Антон Митин және тағы басқалар бар.
«Қазақстан туристік қауымдастығы Қазақстан туризмінің онлайн академиясының ашылуын қуана қолдайды. Өйткені қазіргі күрделі жағдай талабында бұл – интелектуалды деңгейді дамытудың, білім алудың тамаша мүмкіндігі. Онлайн академия саланың жаңалықтарын білуге, бүгінгі күн трендтерінен хабардар болуға, жаңа талапқа сай өз бизнесіңді қалай дамыту керек екенін түсінуге, әрі біліктілікті шыңдауға көмектеседі. Қазақстан туризмінің онлайн академиясы аясында өткізілетін онлайн семинарлар арқасында кәсіпкерлер сала бойынша білімдерін тереңдете түседі, әрі біліктіліктерін арттырады», – дейді Қазақстан туристік қауымдастық (ҚТА) директоры, Қазақстан қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығының (ҚҚжМҚ) президенті Рашида Шәйкенова.
Биыл тыңдаушылар 6 курсты оқып шыға алады. Олардың әрқайсысы теориялық білім мен тәжірибелік мысалдарға толы:
- «Қарапайым сөзбен туризм жайлы» - Кіріспе курсы;
- «Өз салаңызды табу және тиімді турөнім ұсыну»;
- «Туристік өнімдерді сату және жарнамалау»;
- «Қонақ қабылдайтын үйлер немесе шағын отель. Толық нұсқаулық»;
- «Қызықты турөнім жасаудың 5 идеясы. Үздік мысалдар»;
- «Гид-экскурсия жетекшісі мамандығы» - Кіріспе курсы.
Әр курс үй тапсырмасы бар 5-6 модульден тұрады. Оқылған материал бойынша тыңдаушыларға қосымша әдебиеттер жинақталған электронды кітапхана ұсынылады.
Академия курстары туризм бизнесінің өкілдеріне және болашақта жұмыс істеуге ынталы жас мамандарға кәсіби деңгейлерін дамытып, өрістерін кеңейтуге, тәжірибе жинастыруға және әріптестерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • Бүгін, 19:51
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 19:45
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Бүгін, 19:35
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • Бүгін, 19:17
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Бүгін, 19:07
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • Бүгін, 19:02
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • Бүгін, 18:52
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 18:30
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • Бүгін, 18:26
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:20
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Бүгін, 18:13
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:08
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Бүгін, 18:07
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Бүгін, 17:51
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • Бүгін, 17:48
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:36
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Бүгін, 17:33
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Бүгін, 17:31
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Бүгін, 17:07
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 16:24
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Бүгін, 15:59
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Бүгін, 15:58
Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Парламент • Бүгін, 15:39
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:38
Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты
Әлем • Бүгін, 15:35
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Бүгін, 15:34
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Бүгін, 15:07
Парламент • Бүгін, 15:06
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 15:04
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Индонезиядағы жер сілкінісінен 35 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 14:50
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Бүгін, 14:45
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Бүгін, 14:43
Парламент • Бүгін, 14:35
Алматыда VII шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Бүгін, 14:07
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Бүгін, 14:00
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Бүгін, 13:55
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Бүгін, 13:45
Ақтауда діни мереке кезінде теңіз жағасында суға түсуге шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:35
Оңтүстік Кореяның экс-президенті ұзақ мерзімге сотталды
Әлем • Бүгін, 13:25
Отандасымыз Гонконг универсетитетінің білім грантын жеңіп алды
Білім • Бүгін, 13:16
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Бүгін, 13:00
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Бүгін, 12:50
Президент еліміздің болашағы кімдермен байланысты екенін айтты
Қоғам • Бүгін, 12:48
Аида Балаева: Президент жастар саясаты саласына ерекше назар аударды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қостанайда жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Индонезияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 34-ке жетті
Әлем • Бүгін, 12:38
Экономика • Бүгін, 12:37
Сергей Ковалев допингпен ұсталды
Спорт • Бүгін, 12:35
Forbes-та украиналық миллиардер пайда болды
Әлем • Бүгін, 12:28
Қазақстандық стартаптар 150 миллион теңге ала алады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобаға айналады
Бағдарламалар • Бүгін, 12:22
Қаржылай қолдауға құрал-жабдық алды
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Ұқсас жаңалықтар