Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Шымкентте жаңа кәріз тазалау имаратының құрылысы басталады

14 рет көрсетілді

Шымкент қаласында кәріз тазалау имаратының қуаттылығын қосымша 50 мыңға көтеру жобасын іске қосу жоспарлануда. Жобалау құжаттары әзірленген. Биыл желтоқсан айында сараптама қарауына жолданады және 2021-2022 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы басшысы Жолшыбек Шайхсламов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда қолданыстағы кәріз тазалау имаратының қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метр суды тазалауда. Қолданыстағы кәріз тазалау имараты жаздық кезеңде 115 мың, жауан-шашын кезеңдерде 160-170 мың текше метр кәріз суларын тазалайды.

Жаңа қосымша имараттың жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жоба ауқымды болуына байланысты жобалау және құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүргізуге инвесторларға ұсыныс берілуде.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 12:37

Ұқсас жаңалықтар