Хоккей • 27 Қараша, 2020

СКА-ға есе жіберді

7 рет көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» клубы тұрақты біріншіліктің кезекті тур ойы­нын Санкт-Петербургте өткізген еді.

Бұл кездесуде елордалық команда СКА-дан 4:3 есебімен жеңіліп қалса да, жігерлі ойын көрсетті. Бірінші кезеңде Иван Морозов пен Евгений Кетовтың соққан шайбаларының арқасында СКА 2:0 есебімен алға шықты. Алайда жерлестеріміз айдын иелерінің голына жылдам жауап беріп, кезең аяқталғанша есепті теңестіріп үлгерді. «Барыс» сапы­нан Виктор Сведберг пен Якоб Лилья мер­гендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде Кирилл Марченко гол соғып, СКА клубын есепте алға шығарған-ды. Бірақ жергілікті жанкүйерлердің қуа­нышы ұзаққа созылмады. «Барыс» бұл голдың да қарымтасын жылдам қайтар­ды. Шайба авторы – Линус Виделль. Өкініш­ке қарай, тең дәрежеде өтіп жатқан кезде­судің соңына таман СКА ойыншысы Владимир Ткачёв «Барыс» қақпашысын қапы қалдырып, командасының жеңіс голын соқты. Осылайша «Барыс» қатарынан бесінші ойында жеңіліске ұшырады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар