Аймақтар • 28 Қараша, 2020

Бағдарлама көмегімен бизнес бастады

38 рет көрсетілді

Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылының тұрғыны Шапағат Әбдуали тізбекті тор шығаруды қолға алды. Жеке кәсіпкер өз кәсібін бастап кету үшін мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша ауыл тұрғыны 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасының аясында 505 мың теңге қайтарымсыз грант алды. Қазіргі таңда тізбекті тор шығарып, аудан тұрғындарына тиімді бағада сатуда.

Бұл істі жақында бастағанына қарамастан Шапағат Әбдуали өзінің кәсібін одан әрі кеңейіткісі келеді. Себебі сапалы әрі қолжетімді бағадағы жергілікті өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан жеке кәсіпкер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы арқылы 2 млн теңге қайтарымсыз грант алу үшін жоба ұсынып қойды.

Бөлім басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовтың айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып, өз кәсібін бастаған қазалылықтардың қатары көбейген. Оған басты себеп – кәсібін бастап кету үшін алынған қаржыны қайтарудың қажеті жоқ.

– Өткен жылмен салыстырған қайтарымсыз несие алған жерлестеріміздің қатары едәуір көбейген. Мәселен, 2019 жылы 240 адам ғана несие алса, биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 904 тұрғын қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Алдағы тағы да 20 адам өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады. Бұл жерде тағы бір айтып кететін жайт, өткен жылы берілетін қаржы көлемі 505 мың теңге болса, биыл 555 мың теңгеге көбейді. Бұл әрине мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарына кәсібін бастап, одан әрі өркендету үшін берілген үлкен қолдау, – дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Талайлыұлы.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Ұқсас жаңалықтар