Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды

91 рет көрсетілді

Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылы карантинге жабылды, - деп хабарлайдыEgemen.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

"Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Аудан орталығына кіреберіс жолға санитарлық бекет  орнатылды.

Ауылда моншалар, шаштараздар, қоғамдық тамақтану объектілері, спорт құрылыстары, тігін ательесі, шиномонтаж, ТҚС, сондай-ақ мешіт пен шіркеу қызметі тоқтатылды.

Мұндай шешімді ауданның бас санитарлық дәрігері қабылдады.

Соңғы күндері Қайырбаев атындағы мектепте  алты педагог және 22 оқушыдан алынған ПТР тест оң нәтиже көрсетті, - деп түсіндірді аудан әкімінің орынбасары Бибігүл Оспанова. - Бір мұғалім Павлодар қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қалған мұғалімдер мен балаларда ауру асимптоматикалық болып табылады және олар амбулаториялық ем алады", делінген хабарламада.

17 бала кезекші сыныптарда, бесеуі қашықтықтан оқыды. Осыған байланысты аудан орталығының екі мектебі онлайн оқытуға көшірілді, балабақшадағы кезекші топтар жабылды.

Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың) қызметіне 9:00-ден 16:00-ге дейін, азық-түлік дүкендеріне 9:00-ден 19:00-ге дейін, азық-түлік емес дүкендерге - 10:00-ден 15:00-ге дейін, ХҚКО бөлімшелеріне, «Қазпошта» АҚ-ға, «Халық Банк» АҚ-ға сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін рұқсат етілген.

Азық-түлік емес тауарлар дүкендері демалыс және мереке күндері жабылады.

Бұдан басқа, авариялық қызметтерді, жол жөндеу қызметтерін, полицияны, медицина қызметкерлерін және тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да ұйымдарды қоспағанда, ауыл тұрғындары арасында сағат 21:00-ден кейін қозғалыс шектелген.

Ақтоғай ауылында санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, такси қызметі жұмыс істейді. Аудан орталығында 4251 адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар