Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Атырауда "Ұлт лидері" деректі фильмі көрсетілді

94 рет көрсетілді

Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті. Шарада алдымен «Ұлт лидері» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Одан кейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов баяндама жасады.

«Тәуелсіздік пен Нұрсұлтан Назарбаев ажырамас ұғым деген пікірді жиі естиміз. Оған толықтай негіз де бар. Өйткені Тұңғыш Президент-Елбасы – мемлекетті қалыптастырған тарихи тұлға. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері барлық салада теңдесі жоқ ауқымды жобалар іске асырылды. Елбасы идеясынан бастау алған іргелі жобалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Қазақстанның дамуы мен Нұрсұлтан  Назарбаевтың саяси тұлғасына халқымыз ғана емес, әлем қайраткерлері де оң бағасын беріп келеді» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Бұдан соң бір топ азамат «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Ал «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржан, облыстық мәслихаттың депутаты, «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегенов, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС бас директоры Ибрагим Ақдрашев, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Әлібек Семғалиев «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар