Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Лисаковтың «Бәйтерегі»

45 рет көрсетілді

Лисаков қаласына келгендер алдымен орталықтағы «Бәйтеректі» қызықтайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы еліміз астанасының символындай әйгілі монументтің көшірмесі елорданың 20 жылдығы құрметіне орнатылған болатын.

Жаңа инсталляция «Ха­лық банкінің» Лисаков қала­лық филиалының айналма жолын әшекейлеп тұр. Бұл «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында жергілікті бизнесмендердің сүйікті шаһарына жасаған сыйлығы болатын.

Архитектуралық нысан­ның нобайын қаладағы «Экс­клюзивСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайын­дады. Кәсіпорын мамандары биіктігі 15 метр болатын құрылыстың жобасын сыз­ғанда оның 97 метрлік тұпнұсқасы көлемімен салыс­тыра отырып, пайдаланатын материалдардың жел қуатына төзімділігін ескерген.

«Бәйтеректің» құрылымын «СпецСтальКонструкции» жа­уапкершілігі шектеулі се­ріктестігі 5 ай бойы жасады. Ал құрастырылуы екі күннің ішінде жүзеге асқан. Керек-жарағына Лисаковтағы ірі өндіріс орындары да көмегін аямапты. Кіші «Бәйтерекке» түрлі-түсті иллюминация тар­тылған, бұл оның қосымша әшекейі болып табылады.

– «Бәйтерек» түпнұсқа­сынан аумайды. Айналасына керемет көрік беріп тұр, көр­ген сайын көңіліміз жылиды, – дейді қаланың біз тілдескен кез келген  тұрғыны.

 

Қостанай облысы,

Лисаков қаласы

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар