Парламент • 04 Қараша, 2019

Өңірді дамытудың өзекті мәселелері қаралды

16 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.

Жұмыс сапары Павлодар облыс­тық және қалалық мәслихат депутат­тарымен кездесуден бастал­ды. Жүздесуде Парламент Сена­ты мен аймақтағы заң шығару ор­ган­дарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Д.Назарбаеваның айтуын­ша, елдің басқару жүйесінде жергі­лікті өзін өзі басқару толық­қан­ды және күшті буын болуы тиіс.

Кездесу барысында депутаттар Сенат Төрағасына аймақты дамы­тудың өзекті мәселелері туралы айтты. Амбулаторлық көмек көрсету та­рифтерін арттыру, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігі, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысты әңгіме өрбіді.

Депутаттар сондай-ақ өңірдегі экологиялық мәселелерді де қозғады, оларды өнеркәсіп өнді­ріс­терінің атмосфераны ластауы ерекше алаңдатып отыр.

Сенат басшысы өз сөзінде таби­ғат­ты қорғау қызметін қаржылық қам­та­ма­сыз ету мәселелеріне баса на­зар ау­дарды. Д.Назарбаева қазіргі кез­де экологиялық тұрғыда зиян кел­ті­ретін кәсіпорындар аз айыппұл тө­леп келе жатқанын, дегенмен бұл жағ­­дайды өзгерту керектігін атап өтті. Жи­нал­ған қаражатты бөлу жө­нін­­де де назар аударатын мәселелер бар.

«Бұл айыппұлдар қайда кетіп жатыр, олар қайда жинақталады, кімнің қарамағына түседі? Біз оны Үкіметпен байыпты түрде талқылауымыз керек. Былай болуы керек, облыста орналасқан кәсіпорындардың эмиссияларынан жиналатын қаржының едәуір бөлігі облыста қалып, табиғат қорғау шараларына жіберілуі тиіс», – деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаева С.Торайғыров атын­дағы ғылыми әмбебап кітапханасында облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Билік пен халық арасындағы үнқатысудағы жұртшылық өкілдерінің рөлі, сондай-ақ қоғамдық кеңестер жұмысының те­тік­терін жетілдіру талқылау тақы­ры­бы болды.

Сенат Төрағасы жұмыс сапары ба­рысында «Павлодар» арнайы эко­но­микалық аймағында байытылған алюминий өндіру зауытында болды.

Дариға Назарбаеваға арнайы эко­но­микалық аймағының жұмысы көр­сетіліп, инвесторларға арналған жағ­дайлар туралы айтылды. Сенат Төр­ағасы байытылған алюминий шы­ғаратын және оның жеңіл балқы­масынан автомобиль дискілерін жасайтын «Giessenhaus» зауытының жұмысымен танысты. Зауыт 2017 жылы іске қосылған болатын. Кәсіп­орынның жобалық қуаты жылына 5400 тонна өнімді құрайды.

Сенат Төрағасы сондай-ақ Қазақстан Жастар конгресі кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева Павло­дар облысында Жастар конгресінің күні аясындағы шараларға қатысты.

Атап айтқанда, М.Катаев атын­дағы Оқушылар сарайында жет­кіншектерді «Жас Ұлан» қатарына салтанатты қабылдау рәсіміне қатысып,  «жасұландықтар» қатарына жаңадан қабылданған жастарға ізгі тілегін айтты.

Сенат Төрағасы одан кейін жақын арадан бері Toraighyrov University деп аталатын Павлодар мемлекеттік университетінде болды. Бұл жерде жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV маусымы салтанатты түрде жабылды.

Ең үздік жауынгерлер мен отрядтар «Úzdіk sarbaz», «Úzdіk jasaq», «Úzdіk jetekshі», «Úzdіk komandir» және тағы басқа арнайы атаулар бойынша марапатталды.

Сенат басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығында Ұлттық еріктілер желісінің еріктілер бастамалары көрмесіне қатысты.

Республикалық «Jomart Jurek» сыйлығының «Жыл еріктісі» атауы бойынша иегері Аяжан Құрманова аймақтағы еріктілердің қызметін қонақ­тарға таныстырды және «Ақкөңіл­дер клубы», шала туған балаларға көмек көрсету жөніндегі «28 ілмек» қайырымдылық клубы, «Вита» іздестіру жасағы туралы айтып берді.

Парламент Сенатының Төрағасы Павлодардағы Достық үйінде Қазақстан Жастар конгресінің жалпы отырысына қатысып, республикалық жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Дариға Назарбаева Жастар Конгресінің мүшелеріне медальдар мен Алғыс хаттар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Tour de Маңғыстау

Туризм • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар