Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау. Осыған орай біз отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау жайында Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қыдырбек Әлқожаевпен әңгімелескен едік.

– Қыдырбек Қорғанбекұлы, ұлт болашағы мен мемлекет тұғырында отбасы – ең басты құндылық. Баланың қалыптасуы да, ұрпақтың өсіп өркендеуі де отбасынан басталады. Осы орайда өзіңіз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы ретінде түрлі жағдайлармен кездесіп жүрсіз. Отбасы құндылықтарын сақтап қалу жөнінде не айтар едіңіз?
– Бүгін жаһандық өзгерістер заманында отбасы құндылықтарын сақтап қалу, оның жастар санасындағы беделін арттыру, сол арқылы «жаңа әлеуметтік жаңғыру кезеңіне» бірлесе аяқ басу, бала тағдырына асқан жауапкершілікпен қарау – аса қажет қадамдардың бірі де бірегейі деп білемін. Халқымызда «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Баланы ұл қылып тәрбиелесең ұл болады, құл қылып тәрбиелесең құл болады» деген өмірден түйген даналық өлшемдері, тәжірибемен келген ордалы ой тұжырымдары отбасынан басталатын тәлім мен тәрбиенің ақиқаттығын дәлелдейді. Міне, осы мәселені Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында да күн тәртібіне қойылуы әрі заңдылық, әрі қажеттілік екенін дәлелдеп отыр. Сотқа жүгінетін ата-аналар да, жасөспірімдер де сол бір отбасылық дәстүрдің, рухани сабақтастықтың үзіле бастағанын әрі сыртқы ықпалдың жастар санасында орнығып жатқанын көрсетуде.
– Жаңа ғасыр талабы тәрбиеде кеткен ағаттықтың салдарын саралауға емес, қоғамдық орта ықпалымен қалыптасатын адами қасиеттерді ұлықтауға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, ең бастысы, баланың қоғамдағы орнын түсіне отырып, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғауға бағытталуға тиіс қой.
– Дұрыс айтасыз. Негізінен отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім болады. Дала мен өзге орта ережелері басымдық алғанда ата-ананың тәлімі азайып, абырой-беделі кеми бастайтыны шындық. Біз жастармен жастар тілінде диалогқа шыға отырып, заман міндеттеген қарым-қатынас платформасын таңдауымыз керек. Бүгінгі әлеуметтік желілер, қоғамдық институттар мен орталықтар тарих тағылымын, халық дәстүрін жастар санасына қолжетімді ерекше мазмұнда трансляциялауға дайын болса ғана ұрпақтар арасында байланыс, яғни сабақтастық орнауы мүмкін. Бұл ретте отбасылық құндылықтарды әр елдің бірегей сипатымен тоғыстыратын тәрбие мектебінің ұстанымдарына жүгінген дұрыс. Кеше ғана көпшілік назарына тарту етілген «Томирис» те, алдында ғана рухымызды көтерген «Жау жүрек мың бала» да, әртүрлі тұлғалардың өмірбаяндық деректеріне негізделген бейнетүсірілімдер де баланың санасына, ересектер қабылдауына әсер етпей қоймайды. Өйткені бұл өнер туындылары адамзат баласына ең қымбат қазына-байлығын, жүрегінің түкпірінде жатқан бойтұмарын тарихпен байланыстыра, өнегеге толы эмоционалды реңкпен көрермен назарына ұсына біледі. Бала естігеніне емес, көргеніне, байқағанына көбірек сенеді, сондықтан қасында жүрген ата-анасы мен бауырлары – оның үлгі тұтар іргесі де, сенім артар тұғыры да. Біз отбасын сақтау, оның қоғамдық қызметін аса маңызды институт ретінде бағалау арқылы ғана мемлекеттің болашағына зор үмітпен қарай аламыз. Бұл бағытта соттар әкімшілік орындарымен, мектептермен, жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуы керек. Сот қарауына түскен істер, шынайы өмір оқиғалары бала қауіпсіздігіне, оның құқықтық сауаттылығына жұмыс істеген жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылық санын азайтуға болар. Соттар психологтармен, полиция қызметкерлерімен, медиаторлармен бірлесе бала құқығына қатысты мүдде ортақтығын ұстанған кезде ғана мәселенің түп төркіні өз шешімін табады деген ойдамыз.
– Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасы құндылықтары ескерусіз қалып, отбасындағы жылулық, ата-ана мен бала арасындағы түсіністік төмендеп бара жатқаны – ащы да болса ақиқат емес пе? Бұған не дейсіз?
– Сіздің қойып отырған сұрағыңызға орай, дәлел ретінде жас отбасылардың арасындағы ажырасудың, ата-аналық құқықтан айырылған адамдардың, алимент төлеуден жалтарған әкелердің кейінгі жылдары тым көбейіп кеткендігін, ата-аналардың баласымен араласу тәртібін анықтауда, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуде туындайтын даулардың көбеюін келтіруге болады. Статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстанда отау құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, қалалық жерлердегі ажырасу деңгейі 40% болса, ауылдық жерлердегі ажырасу деңгейі 27% жеткен. Ажырасулардың 40%-ы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ойландырады. Ажырасулардың кесірінен республика бойынша толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны жылына 40 000-нан асып отыр. Бұл – жай ғана жалаң цифрлар емес, қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші. 2018 жылдың 9 айлық мәліметтеріне сүйенсек, қала бойынша ата-аналық құқығынан айыру туралы 195 іс қаралса, 2019 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 188 істі құрады. Алимент көлемін азайту бойынша қаралған істер саны 133-тен 153-ке көбейді, ал әкелікті анықтау мен алиментті өндіру туралы істер өткен жылы 118 іс болса, биыл 102 істі құрады. Бұл тізімді бала асырап алу немесе асырап алудың күшін жою, ата-аналық құқығын шектеу сияқты істердің санаттарымен жалғастыруға болады. Жалпы аталған кезеңдерде қаралған істер саны 748-ден 767-ге артып отыр.
– Ерлі-зайыптылардың ажырасу септерін атап өтсеңіз?
– Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептері неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады. Статистика көрсеткендей, Қазақстанда көбінесе ажырасудың негізгі себептерін: өзара түсіністік, байланыс және терең қарым-қатынастың болмауы; зорлық-зомбылықтың орын алуы: өзімшілдік; өз қателіктерін мойындауға қабілетсіздігі: ерлі-зайыптылардың біреуінде отбасылық құндылықтардың болмауы; әлеуметтік-экономикалық проблемалардың орын алуы және діни көзқарастың қайшылығы сияқты мәселелер көрсетіп отыр. Сол арқылы отбасының емес, кейде адамдардың жеке басының мүдделері алға шығып жатады.
– Демек, бүгінде неке институтының құнсыздануы және әлеуметтік отбасылық құндылықтардың өзгеруі, ажырасудың себептері мен салдарын жан-жақты талдауды талап етеді дейсіз ғой.
– Ажырасу рәсімі кезінде сотта шешілуі қажет құқықтық мәселелерді бірнеше топқа бөлуге болады: балаларға қатысты шешімдер; тұрғын үй мәселелері; мүлік проблемалары. Отбасы бұзылған кезде әрдайым балалар зардап шегеді. Ата-аналардың ажырасуына, сот ісін жүргізуге және әке мен шешенің ажырасуына әкелген проблемалар бірінші кезекте баланың психикасы мен мүдделеріне әсер етеді, сондықтан ресми неке институтын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындайды. Мәселе отбасылық қатынастардың, неке мен ажырасудың құқықтық және құқықтық нормаларына қатысты. Бүгін отбасына деген қоғамдық пікірдің өзгеруіне қол жеткізу керек. Мәселені шешуге заңгерлермен қатар, психологтар, тәрбиешілер, БАҚ қызметкерлері мен дін қызметкерлері атсалысуы қажет.
Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ажырасулардың деңгейі бойынша алғашқы ондыққа енетін елдердің басым бөлігі экономикасы дамыған Еуропа елдері екен. Зерттеушілер тіпті дәстүрлі құндылықтарын берік ұстанатын мұсылман елдеріне де бұл індеттің кең тарай бастағанын айтады. Қайта әлемдегі ең дамыған сегіз елдің қатарына ене отырып, өз салты мен дәстүрін, рухани құндылықтарын, отбасындағы мәдениетін сақтап отырған Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерге назар аударғанымыз жөн болар. Көршілес Өзбекстанда некенің бұзылу деңгейі 10%-дан аспайды.
Ал біздегі статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 69-дан астам сәбидің 11-нің ата-аналары құқығынан бас тартқандар, 12-сі тастанды балалар, 22-сі уақытша орналастырылғандар, 2-еуі – жетім балалар. Былтыр денсаулығы кемшін балалардың 4-еуі отбасына берілді. Бала асырап алатын азаматтардың және басқа отбасына баратын балалардың құқықтарын күшейту мақсатында (биыл сәуір айында) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Бұл бастаманың бала асырап алу ісіне оң өзгерістер әкелгені сөзсіз. Басты мақсат – өнегелі отбасы моделіне сүйене отырып, отбасы құндылықтарын сақтау.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Александр ТАСБОЛАТ,
«Egemen Qazaqstan»
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • Бүгін, 19:51
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 19:45
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Бүгін, 19:35
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • Бүгін, 19:17
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Бүгін, 19:07
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • Бүгін, 19:02
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • Бүгін, 18:52
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 18:30
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • Бүгін, 18:26
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:20
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Бүгін, 18:13
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:08
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Бүгін, 18:07
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Бүгін, 17:51
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • Бүгін, 17:48
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:36
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Бүгін, 17:33
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Бүгін, 17:31
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Бүгін, 17:07
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 16:24
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Бүгін, 15:59
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Бүгін, 15:58
Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Парламент • Бүгін, 15:39
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:38
Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты
Әлем • Бүгін, 15:35
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Бүгін, 15:34
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Бүгін, 15:07
Парламент • Бүгін, 15:06
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 15:04
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Индонезиядағы жер сілкінісінен 35 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 14:50
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Бүгін, 14:45
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Бүгін, 14:43
Парламент • Бүгін, 14:35
Алматыда VII шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Бүгін, 14:07
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Бүгін, 14:00
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Бүгін, 13:55
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Бүгін, 13:45
Ақтауда діни мереке кезінде теңіз жағасында суға түсуге шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:35
Оңтүстік Кореяның экс-президенті ұзақ мерзімге сотталды
Әлем • Бүгін, 13:25
Отандасымыз Гонконг универсетитетінің білім грантын жеңіп алды
Білім • Бүгін, 13:16
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Бүгін, 13:00
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Бүгін, 12:50
Президент еліміздің болашағы кімдермен байланысты екенін айтты
Қоғам • Бүгін, 12:48
Аида Балаева: Президент жастар саясаты саласына ерекше назар аударды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қостанайда жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Индонезияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 34-ке жетті
Әлем • Бүгін, 12:38
Экономика • Бүгін, 12:37
Сергей Ковалев допингпен ұсталды
Спорт • Бүгін, 12:35
Forbes-та украиналық миллиардер пайда болды
Әлем • Бүгін, 12:28
Қазақстандық стартаптар 150 миллион теңге ала алады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобаға айналады
Бағдарламалар • Бүгін, 12:22
Қаржылай қолдауға құрал-жабдық алды
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Ұқсас жаңалықтар