Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020

Алматыда тауда адасқан туристер құтқарылды

12 рет көрсетілді

Советтер шыңында бір топ турист адасып кеткені жөнінде Республикалық жедел құтқару отрядының кезекші бөліміне ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төрт туристің бірі Ресей азаматшасы болған. Олар тауға таңертең ауа райы ашық болғанда аттанған. Таудың басына жетіп, қайтар кезде қалың тұман түседі. Туристер соқпақ жолдан адасады. Адасқандар Республикалық жедел құтқару отрядының құтқарушыларынан көмек сұраған кезде айнала қараңғы болып кетеді. Олардың айтуынша, Советтер шыңының баурайында шағын тақта алаңда тұрған, ары қарай қайда жүрерін білмеген.

1

Тиісті сала мамандары туристерге адасқан жағдайда ешқайда кетпеуді, көмекті сонда күту керектігін ескертеді. Құтқарушылар тауға шыққандардың қай тұста тұрғанын жобалап, сонда жаяу аттанады. Іздестіру кезінде 3800 метр биікте жедел топ адасып қалғандарды тапты. Құтқарушы медицина қызметкері туристерді қарады, олар тоңып қалған, аяқ-қолдарын сызып алған. Қатты қорыққаны болмаса жағдайлары жақсы болған. Одан кейін құтқарушылар туристерде қауіпсіз жерге дейін ертіп шықты. Өйткені еңіс әрі сырғыма тас көп еді, кей тұста құз бар болатын.

Таң ата бастағанда барлығы тау етегіне түсіп, туристердің көлігі тұрған тұраққа жетті. Олар медициналық көмектен бас тартты", делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар