Әдебиет • 23 Қазан, 2020

Сіз білесіз бе?. .

44 рет көрсетілді

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов қолы бос уақыт­та аңшылыққа шығуды еш­қашан ұмытпапты. Ғабит Мү­сіреповтің «Қарлы жаңбыр ас­тын­да» дейтін әңгіме-эссесінде Әуезовтің мүлтіксіз мергендігін айғақтайтын жолдар бар. «Осы кепкенің астында Әуезов деген аңшы отыр деп бір құс ойламайды» деп әзілдейді екен.

 

*  *  *

Жазушының «Дос» деген «боксер» тұқымды иті мен бүркіті болыпты.

*  *  *

Әуезов бильярдқа қызыққан. Үйінде бильярд үстелі де болған. Бірақ кейін белгісіз себептермен жоғалып кеткендіктен қазір мұражай-үйінде жоқ.

*  *  *

Жазушының ұлы Елдар дү­ние­ге келгенде Паустовский күміс қасық сыйлаған екен. Балаға есім қойылмағандықтан Паус­товский қасыққа «Екінші Мұхтарға» деп жазу жаздырыпты.

*  *  *

Әуезовтің жүзжылдығы қар­са­ңында батыс жақта қа­лам­гер­дің атына кеме аталған. Ол кеменің қазір жүріп тұр­ғанынан ешкімнің хабары жоқ. Соған қарағанда тоқтап қалған сияқты деп болжадық.

 

Иван Тургенев

Әрқашан сәнді киінген деседі. Әсіресе көк фрактағы алтын түймелер мен түрлі ашық түсті галстуктарды бойынан тастамапты.

*  *  *

Жазушының париетальды сүйегі жұқа болғандықтан, тіп­ті басын ұрып алса да есінен танып қалатын болған. Осы үшін де мектепте оқып жүргенінде Иван Сергеевичті талай мазақ қылыпты.

*  *  *

Нәзік дауыспен сөйлейтін: тіпті даусы кейде әйелдікіне қат­ты ұқсайды екен.

*  *  *

Ол тәртіпті жақсы көрді: күніне бірнеше рет киім ауыстырып, кабинетті жылтырағанша тазалай беретін.

*  *  *

Өмір бойы Лев Толстоймен қырғи-қабақ қарым-қатынаста болды.

*  *  *

Ал кітапханасы үйінің ең үлкен бөлмесін алған.

 

Анна Ахматова

Ахматоваға дейін әйел ақын­дардан ешкім «Мен әйелдерге сөй­леуді үйреттім» («Я научила женщин говорить») деп айт­паған.

*  *  *

Ақын екі рет Нобель сый­лы­ғына ұсынылды.

*  *  *

Анна Андреевна Оксфорд уни­вер­ситетінің доктор дәрежесін иеленген.

*  *  *

Ахматова мен ІІ Николайдың арасында бір байланыс бар деп топшылаған. Бірақ ол бұл сыбысты жоққа шығарған жоқ һәм растаған да жоқ.

*  *  *

Ол өзін нашар ана санаған.

*  *  *

Ахматованы кекшіл адам болыпты деседі.

 

Михаил Лермонтов

Лермонтов тамақтанғанда тойған-тоймағанын білмейтін болыпты. Бірде оның осы «күл­кілі» ғадетін достары сынамақ болып, үйлеріне қонаққа ша­қы­рып ыңғайсыз жағдайға қал­ды­рады. Содан кейін ақын тек өз үйінде тамақтанатын болған.

*  *  *

Әйгілі картиналардың көбінде Лермонтов келбетті көрінеді. Алайда оның замандастарының естеліктеріне сүйенсек, шын мә­нінде ол бойы қысқа һәм бүкі­рей­ген, аяғын сылтып басатын адам екен.  Сондай-ақ көп уақыт бойы киімін ауыстырмай жүре беретін.

*  *  *

Талантты ақынның немере ағасы Петр Аркадьевич Столыпин (аграрлық реформаның негі­зін салушы, белгілі мемлекет қай­рат­кері) екенін де көп адам біле бермейді. Бірақ Лермонтов 1841 жылы қайтыс болғандықтан, ал Стол­ыпин 1862 жылы дүниеге кел­гендіктен олар бір-бірін таны­ма­ған.

*  *  *

Михаил Юрьевич аз ғұмырын­да түрлі бал ашулар мен бол­жамдарға қызыққан. Кавказға барған соңғы сапарының алдында Лермонтов петербургтік әйгілі балгер Александр Киргхофқа ба­рыпты. Сонда балшы әйел Пуш­киннің өлімі мен Михаил Юрьевич­тің енді қайтіп солтүс­тік астанаға келмейтінін айтқан.

 

Владимир Набоков

Жазушы шығармаларын өз атынан бөлек Владимир Сирин және Василий Шишков лақап аттарымен де жариялаған.

*  *  *

Өмірінің көп уақытында Набоков әуесқой этномолог болыпты. Ол жәндік, шіркей атау­лыны қызыға зерттеп, тіпті кі­тап­тар­мен бірдей жақсы көрген.

*  *  *

Әйгілі «Алиса ғажайыптар елін­де» кітабын орыс тіліне аударған да Набоков еді. Ол мұ­нымен Ұлыбританияда оқып жүргенде айналысты.

*  *  *

Сондай-ақ Набоков – талантты шахматист. Және шахматтың бірнеше күрделі тапсырмаларының авторы.

 

Николай Гоголь

Гоголь отбасында он екі ағайын­ды болған: ол үшіншісі.

*  *  *

Жас кезінде Петербургқа көшкен қаламгер қаланың қым­баттығына қайғыра таңғалған. Ақша табу үшін, тіпті театр актері, яки шенеунік болуға да тырысыпты.

*  *  *

Пушкин Гогольдің шығар­маларына дән риза болып, мопс итін сыйлаған. Кейін ит өліп қалған соң жазушы қатты қайғырыпты.

*  *  *

Гогольдің мұрны өзіне ұна­маған. Сол үшін де суретшілерден өз портреттерінде басқа фор­мадағы мұрын салуын өтініпті.

*  *  *

Жазушы найзағайдан қатты қорыққан. Замандастарының айтуынша, жайсыз ауа райы Гогольдің әлсіз жүйкесіне жаман әсер етіпті.

 

Максим Горький

Алексей Максимович Пешков  – Горькийдің шын аты-жөні.

*  *  *

Жасөспірім кезінде Горький кемеде ыдыс жуып, аяқкиім дү­ке­нінде аяқкиім тасыған. Бұған қоса ол наубайшы һәм бағбан болып та жұмыс істепті.

*  *  *

Ол бір минутта төрт мың сөз оқыған.

*  *  *

Горький ешқашан ауырмаған деген де пікір бар. Және ешқашан мас болмапты.

*  *  *

Горький өлер алдында Сталин қасында отырып шампан ішкен.

*  *  *

Толстой Горькиймен сөйлес­кенде әдепсіз сөздер қолданыпты деседі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар