Әлем • 29 Қазан, 2020

Сауд Арабиясы шетелдік қажыларды қабылдай бастады

25 рет көрсетілді

1 қарашадан бастап шетелдік қажылар Сауд Арабиясына умра жасау үшін кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қажылық және умра министрлігі коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдады. Соңғы хаттамаларға сәйкес қажылар келген кезде үш күндік карантинге оқшаулануы керек.

Сонымен қатар ережеге сәйкес, қажыларда өз елінде сенімді зертхана берген ПТР медициналық тексеру туралы анықтама (covid-19 болмауы туралы) қажылыққа кеткенге дейін 72 сағаттан аспауы керек.

Айта кетейік, Сауд Арабия билігі 4 қазаннан бастап қажылыққа келушілерді кезең-кезеңімен қайта қабылдады. Қажылықтың бірінші кезеңінде кем дегенде күніне 6000 қажы қатысуы тиіс болатын. 

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясы пандемиямен күрес аясында наурыз айының ортасында мешіттерде қажылық пен дұғаларды тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Ұқсас жаңалықтар