Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

584 рет көрсетілді

29 қазанда Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюповтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайыповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет бұрыннан бері айтылып келеді. Алайда қыркүйектің басында басқарманың баспасөз қызметі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты ешқандай сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан жоғын айтқан болатын.

"Басқармада КВИ-мен күрес жөніндегі шараларға бағытталған қаражатты бөлуге қатысты қадағалау органдарының жоспарлы тексеруі жүргізіліп жатыр. Болатбек Қайыповқа қатысты еш күдік жоқ", делінген хабарламада.

Басқарманың баспасөз қызметі басшыларына қатысты ешқандай ақпарат бермеді, алайда Болатбек Қайыпов орнында болмай шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері БҚО бойынша ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, бірақ кез келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Ұқсас жаңалықтар