Әлем • 30 Қазан, 2020

Беларусь бірнеше көршілес елмен шекараны жапты

28 рет көрсетілді

Көршілес мемлекеттерде эпидемиялық ахуалдың өршуіне байланысты Беларусь билігі ел аумағына кіруді уақытша шектеді. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.

Өткізу пунктері арқылы Латвия, Литва, Польша және Украина елдерінен азаматтардың жекелеген санатына кіруге рұқсат жоқ. Бұл тыйымның дипломатиялық және қызметтік паспорттармен құжатталған дипөкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, автомобильмен халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік жүргізушілеріне, халықаралық теміржол бағыттарының пойыз және локомотив бригадаларына қатысы жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар