Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

6 рет көрсетілді

Ақмола облысы коронавирус жұқпасының таралуы бойынша бүгін екінші күн қатарынан қызыл аймақта. Өңірде эпидемиялық жағдай күрделеніп барады. Соңғы аптадағы індеттің өсім көрсеткіші, алдыңғы аптаға қарағанда 1,5 есеге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның мәлімдеуінше, облыста 4700-ге жуық адам індетке шалдыққан. Қазіргі уақытта облыс стационарларында 209 науқас осы дерттен емделіп жатыр.

Өкінішке қарай, 83 адам осы індеттің салдарынан өмірден өткен. Соңғы тәулікте 75 оқиға тіркелсе, оның 42-сі Көкшетау, 9-ы Степногорск қалаларында, қалғандары Атбасар, Бурабай, Зеренді, Бұланды, Сандықтау аудандарында. 1-ші тамыздан бері 506 адам вирустық пневмониямен ауырған. Соңғы тәулікте мұндай 3 оқиға анықталды. Жалпы, бұл аты жаман ауру Егіндікөлден басқа 18 ауданның бәрінен шығып отыр. Қараша айы басталғаннан бері Көкшетауда – 546, Степногорскіде – 116, Бурабай ауданында – 80, Зерендіде – 36, қалған аймақтарда  20-ға жуық жұқтырғандар бар.

Мектеп оқушылары арасында 68 жағдай анықталғаны белгілі болып отыр. Індет анықталған сынып оқушылары ұстаздарымен бірге 14 күндік карантинге жіберілген. Балабақшаларда 24 бүлдіршіннен індет анықталып отыр. Оның 17-сі Көкшетау қаласында.

– Індеттің бұлай дендеп кетуінің басты себептері – маска тақпау, әлеуметтік арақашықтықты ескермеу, қоғамдық көліктерде ара қатынасты сақтамау, отбасылық, көпшілік іс-шаралар, тойлар өткізу. Мониторингтік топтар жұмыс істеп, айыппұлдар салынып жатса да, оған мән бермей жатқандар бар. Мысалы, осы кезеңде каратиндік шараларды бұзудың 494 оқиғасы анықталып отыр. Бұл жағдайлар бойынша тиісті шаралар қолданылуда. Халық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан ұсынылатын талаптарға түсіністікпен қарап, оларды орындаулары қажет. Карантиндік шараларды сақтау – облыстағы эпидемиялық жағдайдың ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Сондықтан, тиісті талаптарға бағынайық, – дейді бас мемлекеттік санитарлық  дәрігер Айнагүл Мусина.

Сақтансақ қана сау қалатынымызды санамызға сіңіргеніміз абзал.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Ұқсас жаңалықтар