Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Карантин тәртібін бұзушылар 175 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

203 рет көрсетілді

Мобильді топтар карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Полиция қызметкерлері, аудан әкімдіктері өкілдері, еріктілер сауда орталықтарын, кафелер мен мейрамханаларды тексереді.

Сонымен, 30 қарашада сағат 00.54-те кестеге бағынбай жұмыс істейтін «Пират» сыра бары анықталды. Сол күні сағат 00:10-да тексерушілер қалалық сауналардың бірінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Меншік иелеріне қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Барлығы 28 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2176 материал келіп түскен. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 1111 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 219 487 554 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 175 316 635 теңгеге 884 әкімшілік айыппұл төленді.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар