Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырыс өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, депуттардың бастамасымен әзірленген жол жүрісі мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында жүргізушілердің көлік құралына Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен тіркеу құжаттарын өзімен бірге алып жүрмегені үшін әкімшілік жауапкершілігін алып тастау туралы берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Көрсетілген құжаттар ішкі істер органдарының дерекқорында бар және қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері олардың бар-жоғын дерекқорға қосылу арқылы тексере алады.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, заң жобасында жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы құжатты жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, қазіргі ақпараттық технологиялар кеңінен дамыған цифрлық кезеңде жүргізушілерден тиісті құжаттарды талап ету, ол – қажетсіз. Себебі, полиция жүргізуші мен оның көлік құралы туралы барлық қажетті ақпаратты жеке куәлік негізінде электрондық мәліметтер қорынан таба алады.
Айта кету керек, түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды. Сонымен қатар бүгін депутаттар ғылым мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта ұлттық ғылыми кеңестерге коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бөлігінде функциялар беру көзделеді. Конкурстық рәсімдердің ашық болуы мақсатында Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының сараланған тізімін қалыптастыру және ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу қарастырылған.
Сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың орындалған жобаларының нәтижелерін бағалау және нәтижелілігіне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі функцияларды беру ұсынылады.
Бұдан басқа, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері ғана қатысады деп белгіленеді. Үздік ғылыми қызметкерлерге «Үздік ғылыми қызметкер» атағын беру және 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант беру арқылы оларды материалдық көтермелеу шаралары көзделіп отыр.
Сонымен қатар бүгінгі отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының негізгі мақсаты – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне енгізу.
Құжатта «балық аулау аймағы», «балық аулау аймағының режимі» деген ұғымдар енгізілген. Сондай-ақ балық аулау аймағында су биологиялық ресурстарына кәсіпшілік жүргізуге Қазақстан Республикасының айрықша құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыреті және олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітіледі. Конвенцияның ережелерін ескере отырып, қолданыстағы «аумақтық сулар енінің есебі үшін бастапқы сызық», «аумақтық сулар», «Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі» деген ұғымдарға өзгерістер енгізілуде. Мәжіліс бірінші оқылымда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында уран өндіру кезеңін ұзарту рәсімін жетілдіру; жер қойнауын пайдаланушыларға уран өндіру кезеңінде геологиялық құрылымдарды және уран кен орны қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізу мүмкіндігін беру қарастырылған.
Сондай-ақ уран өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаларына қойылатын талаптар, уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу тетігін айқындау көзделген.
Заң жобасымен жұмыс істеу барысында жұмыс тобының мүшелері жобалау құжаттарына және игеру талдауларына тәуелсіз сараптама ұйымдастыру және жүргізу шығындарын өтеуге, уран кен орны қорлары көлемінің өсімі бастапқы көлемнен 30 және одан да көп пайызға артқан жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны іске асыру жөніндегі қосымша міндеттемелеріне қатысты түзетулер енгізді. Жалпы отырыста Палата «Нотариат туралы»депутаттық заң жобаны және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері Елшіліктерінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Бүгінгі отырыста депутаттар екінші оқылымда «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» және ветеринария мәселелеріне қатысты заң жобаларын мақұлдады.
Сондай-ақ, Мәжіліс бүгін мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алды. Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары Н.Әшімбетов, Ш.Хахазов, Д. Еспаева және А. Перуашев мемлекеттік органдардың басшыларына депутаттық сауалдар жолдады.
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Бүгін, 19:57
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Бүгін, 19:07
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 18:23
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар