Оқиға • 03 Желтоқсан, 2020

Ұлттық табиғи парктерді бірлесе дамытпақ

6 рет көрсетілді

2020 жылдың 26 қарашасында QazaqGeography республи­ка­лық қоғамдық бірлестігі мен Kaspi.kz компаниясы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар қоршаған ортаны сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту, ғылымды дамыту, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру және ұлттық табиғи парктердің аумағын абаттандыруға бірге күш салуға келісті.

Бұл туралы Kaspi.kz Дирек­торлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким былай деді:

«Біз Қазақстанның ерекше табиғи және мәдени құнды­лық­тарын сақтауға үлес қос­қымыз келеді. Жоба аясында ғы­лыми зерттеулер мен білім бағ­дарламаларына қаржылай қолдау көрсетеміз. Біз отбасыларымыз бен балаларымызда еліміздің тамаша табиғатынан ләззат алу мүмкіндігі болуы үшін Ұлттық парктердің дамуына қа­тысамыз. QazaqGeography-мен бірге елі­міздің ұлттық мақта­нышы ­­­мен байлығына айналған құн­дылықтарды келер ұрпаққа жет­кізуге бар күшімізді саламыз».

Ал Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Ми­хаил Ломтадзе: «Kaspi.kz миссиясы сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға және Qazaq­Geography-мен бірлескен жо­ба­ға толық сәйкес келеді. Бәрі­міз әсем табиғатты жақсы көре­міз және саламатты өмір салтын ұстанамыз. Біздің мақ­са­ты­мыз өте қарапайым – біз сүйік­ті клиенттеріміз бен олар­дың­ отбасыларының және бар­лық қазақстандықтардың ұлт­тық парктерге рахаттанып баруы үшін QazaqGeography-ге экологиялық туризмнің тар­тым­дылығын жақсарту және сапалы, заманауи инфрақұрылым қалып­тастыруға көмектескіміз келеді», деп атап өтті.

QazaqGeography басқарма төрағасы Орман Нұрбаевтың айтуынша, Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – кез келген та­быс­ты компанияның жұмысын­дағы маңызды бөлігі. Kaspi.kz-тің ұлттық табиғи байлықты сақтау және дамыту мәселелерін шешуге белсене қатысуы жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. «Біз Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасының танымалдылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғап, Қа­зақстан Республикасындағы ерек­ше қорғалатын табиғи аумақ­тарды тұрақты дамыту мен экотуризмді дамытуға бірлесе отырып күш саламыз», деді ол.

Айта кетелік, Qazaq­Geography респуб­лика­лық­ қо­ғамдық бірлестігі 2013­ жыл­дың 16 қа­занында құрылған. Бір­лестіктің мақсаты – Қазақстан мен әлемде табиғат, қоғам мен мәдениет туралы білім тарата отырып, дамыту және азаматтарды өзін-өзі дамытуға, қоғам мен әлемге қызмет етуге шабыттандыру. QazaqGeography-дің маңызды міндеттерінің бірі – қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау мен экологиялық туризмді дамытуға ықпал ету.

Сондай-ақ Kaspi.kz миссия­сы – тұтынушының өмірін жақ­сартатын инновациялық өнім­дер жасау мен қызметтер көр­сету. Банк инновациясының негі­зінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 8,5 мил­лион­нан астам қазақстандық қол­данатын мобильді супер­қосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді суперқосым­шасының көмегімен банк клиент­тері төлем мен аударым жасап, же­ке қа­ражаттарын басқарады және жет­кізу қызметімен тиімді онлайн форматта зат сатып алады.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар