Қоғам • 03 Желтоқсан, 2020

Шен үшін емес, ел үшін қызмет

83 рет көрсетілді

2014 жылдың 14 мамыры еді. Орал қаласындағы Құрманғазы кө­шесі бойымен келе жатқан Са­лауат көп қабатты үйдің бесінші қаба­тын­да­ғы бір терезесінен лаулап жан­ған от­ты көрді.

Үй маңында абыр-сабыр болған тұрғындар өрт ішінде пәтер иесі – егде адам қалғанын айтып жатты. Ойлануға кеш еді. Офицер жүгірген бойы бесінші қабатқа шығып, қып-қызыл оттың іші­не қойып кетті. Абырой болғанда қарт адамды құтқарып алып шықты. Бұл оқиға антына адал сардардың ар бұйрығын орындаған бір сәті еді.

...2015 жыл, Отан қорғаушылар күні қарсаңы. Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев бірқатар әскери қызметшіні әс­кери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қам­тамасыз ету кезінде көр­­сет­кен ерлігі мен жан­қияр­лығы үшін мемлекеттік на­гра­далармен ма­­рапаттады. Олардың қа­тарында мемлекеттік «Жауынгерлік ер­лігі үшін» медалімен марапатталған 5546 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесінің бастығы подполковник Салауат Әлімжанұлы Қабдықұлов та бар еді.

Елбасы Салауатқа мемлекеттік марапатты тапсырып тұрып: «Шен үшін емес, Ел үшін қызмет жаса» деген екен. Осы сөз оралдық офицердің жадында әрдайым жүреді.

– Қазақстан Республикасына қыз­мет етемін! – дейді Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қол­басшылығының 5546 әскери бө­лімі жанындағы әскери полиция бөлім­шесінің қызметкері, подполковник Салауат Қабдықұлов.

 

Батыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар