Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Атырауда тұрғын үй жанында «КамАЗ» өртенді

211 рет көрсетілді

Атырау қаласында тұрғын үй жанында «КамАЗ» өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 12 қаңтарда сағат 10:19-да «Нұрсая» шағын ауданында болған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің «КамАЗ» маркалы қоқыс таситын автокөлігі жанып жатты. Өрт сағат 10:38-де оқшауланып, сағат 10:48-де толық сөндірілді. Жалынды сөндіруге жеке құрамның 7 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өңірде былтыр 91, биылғы жылдың басынан бері 3 көлік өртеніп кеткен.  

 

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар