Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Құтқарушылар дүлей боранмен күресті жалғастырып жатыр (видео)

68 рет көрсетілді

Құтқарушылар 7 тәулік бойы автожолдарда эвакуациялау және құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

29 қаңтардағы жағдай бойынша (01.01.2020-29.01.2020 ж.таңға дейін) 53 мм жауын-шашын түсті (айлық нормада 16 мм), ол айлық нормадан 3,3 есе асып түсті.

23 қаңтардан бастап қарлы бораннан және қар құрсауынан 1048 адам құтқарылды. Қар кептелісі мен бораннан 270 бірлік техника (239 жеңіл көлік, 9 автобус, 18 жүк көлігі, 2 фур және 1 жүк тиегіш техника) шығарылды. Астаналық құтқарушылар Ақмола облысының шекаралас елді мекендерінің тұрғындарына көмек көрсету үшін 55 шығуды жүзеге асырды, онда 792 адам, оның ішінде 15 жүкті әйел мен 50 бала құтқарылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің бөлімшелері өткізгіштігі жоғары арнайы техникамен патрульдеудеп, шақыртуларға шығуда. Мысалы, осындай төтенше жағдайлардың бірі 28 қаңтарда орын алды, құтқарушылар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерімен бірлесіп, Новомарковка ауылына шақыртуға шықты, онда әйел адам санын сындырып алып, ауыр халде жатып, жедел медициналық көмекті қажет етті. Шақырту орнына келіп жеткен ҚР ІІМ ТЖК АМО дәрігерлері дереу медициналық көмек көрсетті және пациентэвакуацияланып, астаналық «Травматология және ортопедия» ҒЗИ-на жеткізілді.

Тағы бір шұғыл түрде көмек көрсетілген науқас аяғы сынған ер адам болып шықты, оны құтқарушылар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерімен бірге ауруханаға жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар