Технология • 11 Қыркүйек, 2020

Алматылықтарға Сoursera платформасы қолжетімді

32 рет көрсетілді

 Әлемнің жетекші университеттерінің Сoursera платформасының білім беру курстары енді алматылықтарға қолжетімді. Алматы қаласы цифрландыру Басқармасының хабарлауынша, биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Сoursera онлайн-білім беру платформасында тіркелетін алматылықтарға әлемнің жетекші университеттерінің курстары тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сoursera онлайн білім беру компаниясымен келісім аясында біздің қаланың тұрғындарына курстарды тегін өту үшін 5000 орын алынғанын еске саламыз. Бүгінгі таңда адамдардың 61 пайызы қосылып, курстардан сәтті өтуде. Қатысамын деушілерге қыркүйек айының соңына дейін тіркелу мүмкіндік бар, сонымен бірге ағымдағы жылдың соңына дейін тегін курстарды пайдалана алады.

Осылайша, кез келген алматылықтар үйден шықпай-ақ, Stanford University, University of Pennsylvania, Princeton University, University of Michigan, Peking University сияқты алып оқу орындарының өткізетін курстардың студенті атана алады.

Келісімшартқа сәйкес, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тіркеуден өткендерге 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін қатысу мүмкіндігі бар. Тіркелу үшін өтінімді almaty.coursera@mail.kz сайтына мына мәліметтерді міндетті түрде көрсету керек: аты-жөні; қызмет түрі; электронды мекенжайы.

Әрі қарай, 4 күн ішінде көрсетілген электрондық мекенжайға шақыру келеді.

Онлайн дәрістер арқылы тіркелгеннен кейін студент келесі бағыттар бойынша курстарды игере алады: IT, қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар, экономика, медицина, менеджмент, маркетинг. Курс аяқталғаннан кейін студент растайтын сертификат алады. Айта кету керек, Сoursera-да екі аптадан астам уақыт бойы жеке кабинетті пайдаланбаған жағдайда, тіркелу жойылады.

Толық ақпаратпен https://digital-almaty.kz/ru/content/03-avgusta-2020-5000-besplatnyh-licenziy sourseraorg-predostavleny-almatincam-dlya сайтынан танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар