Қарлығаш қадамымды басқанда да, топ-топ баламен түз тозаңын төбеге көтеріп, асыр салғанда да, қия кетіп қиыр шетте жүргенде де жүрекке ұлы есімдей ұялап, көңілден бір уақыт кеткен емес. Қуанышты сүйіншілеп, шаттықты еселеп жеткізетін, аңқа бір кеуіп алабұртқан шақта шөлді басатын сусар мекен. Кепиетін көкірегіме құйып, кесірден сақтаған, кең әлемге жол ашып, даналыққа баптаған кіндігімді кескен жұрт. Бұл – бабамның иісі сіңген топырақ, кіндік қаным тамған жер.
Кіндігімді кескен жұрт – Отан сөзінің бір баламасындай. Осы бір аяулы атаудың астарына үңілсеңіз алып мағына жатыр. Шыр етіп дүние есігін ашқанда алғаш жұтқан ауаң мен маңдайыңнан сүйген күннің шұғыласы сол ұлы ұғымнан бастау алатындай. Отан – кіндік қаны тамған топырақ. Сол топыраққа табаның тиген сәттен бастап ол кіндік жұртыңа айналады. Кесілген кіндік – ел-ананың құрсағынан шыққан соң Жер-анаға байланатын алтын тамырың, өсіп-өрбудің, отаныңда ошақ отын жағып, түтін түтетудің түпкі негізі, асыл арқауы.
Кіндік кескен жұрт арман кенішіңнің баспалдағы іспетті. Байырғы бабатаным ырымдап, жаңа туған нәрестенің кіндігін ешкім баспайтын жерге көмген екен. Онысы адам мен топырақ арасындағы байланысты нығайту. Жер бауырлап еңбектеген сәби еңкіш тартқан қарияға айналғанша жер кіндіктен қуат алатынына кәміл сенген. Ата-бабамыз қаны тамған топырақты солайша қадір тұтып, ұлтарақтай жер үшін ұрысқа түскені көпке белгілі. Сондықтан қазақ баласы шыр етіп өмірге келісімен алып атамекені, бабадан жеткен байтақ даласына қасиетті бір сырлы ұғыммен, үзілмейтін нәзік бір қастерлі құбылыспен мәңгі байланып өмір сүреді.
Өмірге көз ашып келісімен осылайша туған жері, атажұртымен тамырымен берік байланған ордалы елдің әр ұланы туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғап, сынық сүйем жерін жатқа бермейтін қаһарман болуының сыры осында. Қазақ кіндік шешені таңдауға да ерекше мән беретіні, оның бойындағы асыл қасиеттер нәрестені жерден көтеріп алып, кіндігін кескен сәттен бөбекке жұғысты болады деп илануында да терең мән бар. Ата-анаға қамқор болсын деп қыздың кіндігін үйдің ішіне, ұлдың кіндігін өрісті болсын деп далаға көметіні де тегін емес. Шаранада тоғыз ай шайқалғанда анамен жалғастырып тұрған жалқы тамыр енді перзентін Жер-анамен ұштастырып, Отаннан нәр алуына жалғастық табу үшін ата-баба осылайша кәделі салт жасайды. Халқымыздың «кір жуып, кіндік кескен туған жерім» деген бір ауыз сөзіне осындай кең мағына, шалқар ұғым қалай сыйып кеткеніне таңданасың?!
Құндылықтар құнсызданып, әлемнің аралас-құраластығы тығыз бола бастаған жаһандану заманы көптеген қастерлі ұғымдарымызға, қасиетті салт-дәстүрімізге орасан өзгерістер енгізіп жатыр. Соның бірі – кіндік кесер салты. Осы ұғымның арқауы сетінеумен бірге туған жер, Отан-ана ұғымына да селкеу түспей ме?
Иә, адамды туған жерімен байланыстыратын киелі ұғымдар жетерлік. Бүгінде біз сол тәлімді түсініктерден ажырап бара жатқанымыз жасырын емес. Мәселен, жағдайы барлар мұхит асып, сәбиін шетелде өмірге әкеледі. Сол арқылы психологиялық тұрғыдан баланың жарық дүниеге келмей жатып, өзінің жұмыр жерінен алыстатады. Сөйтіп сәбиінің кіндігі өзге елдің отына күйіп, күліне айналады. Ал енді осы періште-перзенттің түйсігінде туған жер деген ұғым, атажұрт деген болмыс қалай қалыптаса алады? Ол сәби құрсақта жатқан кезінен-ақ өз жерін қор, өзге өлкені зор тұтқан ата-ананың кемшін түсінігін бойына сіңіріп тумасына кім кепіл? Демек, ұлттық код, қасиетті ұғым-таңбалар өмірге келмей жатып-ақ нәрестенің қалауынсыз күлпарша өзгеріске түсіп жатыр емес пе?
Әрине, тау мен таудың, жер мен жердің айырмасы жоқ. Сол баяғы бір аспан, сол тап-тастай көк өзен. Оны қасиетті, киелі етіп тұрған – бабаңның төгілген қаны, балаңның кесілген кіндігі. Құрсақты жарып шыққан шақалақтың кіндігі туған жерде кесілмей, өскенде өзге елге алаңдап отырса, «кіндік кескен жұрт» ұғымы да көмескі тартпайды ма?!
Біз жат жерде жау қолынан шейіт боларын сезгенде бір саусағын кесіп беріп, «туған жер топырағына мен деп жерлеңдер» деп аманат еткен кешегі көзсіз ерлердің ұрпағы емес пе едік? Өйткені қоянжон қыраты да, томсарып тұрған төбесі де, шүйкесін шүкірімен жалғай иіріп отыратын бауыры бұлақ баяғының адамдары да сол кіндік қаны тамған топырақтан бір елі ажыраған емес еді. Ажырамайды да деп сенеміз. Себебі кез келген адам кіндік кескен топырағымен биік...
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Ұқсас жаңалықтар