Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Алакөл аумағын дамыту жоспары талқыланды

10 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөлдегі туристік демалу орындарын дамыту жайында толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Алдағы таяу жылдарда туризмді дамытуға ерекше екпін қойылып отыр. 4 жылда Алакөл бассейні аумағына 24 млрд теңге ескерілген. Қазіргі кезде 11 млд теңге игеріліп, инфрақұрылым салынды. Сонымен қатар туристік кешендердің құрылысына арналған жер учаскелері дайындалды. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", деді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған демалыс орындарына келетін туристер саны едәуір артатын болады.

"Биылғы қиындықтарға қарамастан, 600 мың турист келсе, алдағы екі жылда 1 млн турист сапарлайды деп айта аламын", деді Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысының басшысы бүгінгі баспасөз мәслихатында оқушылардың коронавирус жұқтыру жағдайларына да қатысты түсінік берді. Сонымен бірге өңірдің даму деңгейі туралы мәліметпен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар