Таным • 24 Қараша, 2020

Бүркітті ырғаққа отырғызу

24 рет көрсетілді

Түз тағысы бүркітті қолға түсіріп, оны өзіне құлақкесті бағын­дырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алдырып, саятшылық құратын ғаламда халық аз. Көк аспан тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.

Құсбегілер бүркітті «қолбала» және «түз бүркіт» деп екіге айырып атайды. «Қолбала» деп балапан кезінде ұядан алып, қолға үйреткен құсты айтады. «Түз та­ғысы» немесе «түз бүркіт» деп, есе­йіп ұшып жүрген жерінен қол­ға түсірген құсты айтады.

Түз бүркітті бағындыру оңай­ға түспейді. Көк аспанда ер­кін самғап үйренген түз та­ғысы қол­­ға түсіп қор болғанда на­мыс­тан құсаланып өліп те ке­те­ді. Өлмегеннің өзінде ашу ша­­қырып, бағынбай отырып ала­ды. Ондайда асау бүркітті ба­ғындыру үшін құсбегілер «Ыр­ғаққа отырғызу» тәсілін қол­данады.

Оны ауызекі тілде бүркітті ыр­ғаққа отырғызу деп атайды. Ол үшін арасы 2-3 метр болатын екі қазықша немесе діңгек орнатылады. Қазықша-діңгектердің ара­сына арқан тартып, жіптің ту­ра бел ортасына ағаштан немесе қайыстан бүркіт отыратындай тер­беліп тұратын балдақ жасайды. Қол­ға үйретілетін бүркіттің басына томаға кигізіліп, осы балдаққа отыр­ғызады.

Құсбегі бүркіт отырған бал­дақ­қа немесе көлденең тартылған ар­қанға қосымша жіп байлап, оны қозғап ырғайды. Ырғақ ке­зінде құлап қалмас үшін бүркіт балдақ ағашты қыса түседі. Қыса-қыса тегеуіріні шаршап, әбден қал­жырайды. Одан кейін адамдар бірі­нен соң бірі кезектесіп ырғақ­ты үз­бей, тіпті екі-үш күнге дейін со­зады.

Ұйқысы қашып, қатты шар­ша­ған бүркіт миы шайқалып құ­са­ды, ақырында есінен танып құ­лай­ды. Сол сәтте иесі, яғни құс­бе­гі оны өзі­­нің шапанына орап қояды.

Ораулы шапанның ішінде есін жиған түз тағысы сол сәттен бас­тап өзінің бұрынғы еркін өмірін толық есінен шығарып, ұмытады. Яғни «миын» құсып тастайды. Ана­дан жаңа туғандай күй кешеді. Бойына шапанның иісі сіңіп, бұдан былай сол иістің иесіне мәңгілікке бағынышты күйге түседі.

Міне, бұл қазақтардың түз та­ғы­сын бағындыру үшін ойлап тап­қан көптеген әдістерінің бірі.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар