Аймақтар • 27 Қараша, 2020

СҚО жедел жәрдем қызметінің сұранысын 100% өтеді

14 рет көрсетілді

Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz

«Бүгін біздің аудандарға 20 жаңа реанимобиль жөнелтілді. Айта кету керек, біз бірінші рет аудандарды заманауи реанимобильдермен жабдықтап отырмыз. Жаңа көліктер аудан орталықтарындағы медициналық көмектің сапасын және жедел жәрдемнің жұмысын жақсартады. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, машиналар жаңа туған және шала туған нәрестелерді тасымалдау үшін арнайы капсуламен қамтамасыз етілген».

Осыдан екі ай бұрын Петропавл қаласы 18 реанимобильмен қамтамасыз етілді. Қазір облыста 59 жедел жәрдем көлігі бар, оның 80% заманауи реанимобилдер.

«Жыл басында жедел жәрдем қызметі көлікпен 76 % қамтамасыз етілген болатын. Бүгін біз бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіздік. Осылайша, жедел жәрдем қызметі көлікпен толық қамтамасыз етілді. Әсіресе, пандемия кезінде бұл өте маңызды», - деді өңір басшысы.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар