Білім • 02 Желтоқсан, 2020

Асхат Аймағамбетов: ЖОО-да қолданылатын әдістемелер күмән туғызады

45 рет көрсетілді

"Өкінішке қарай, көп жоғары оқу орындарында қолданылатын әдістемелер күмән туғызады. Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға уақыт табу қиын. Сондықтан жақын арада Министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады", дейді Білім және ғылым министрі.

Білім және ғылым министрі құрамында сарапшылар, жоғары оқу орындарының проректорлары мен оқытушылар бар жұмыс тобы бұл мәселеге жұмылдырылғанын және жүктемені бірден автоматты түрде төмендету қажетті нәтиже бермейтінін айтты.

"Кейбір оқу орындары оқытушылардың жүктемесін бірден 400-500 сағатқа дейін төмендеткен болатын. Бұл ретте ЖОО-дағы жалпы сағат көлемі азаймады, керісінше қосымша оқытушыларды жұмысқа қабылдау қажеттігі пайда болды. Себебі, бір оқытушыға берілетін ставка көлемі 1,5-тен аспауы керек. Нәтижесінде университет біліктілігі төмендеу оқытушыларды жұмысқа алуға мәжбүр болды", дейді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов мұның оқу сапасына кері әсер еткенін айтып өтті. Сөйте тұра, аталған мәселелер шешімін табытынына және кезең-кезеңмен жүйелі түрде орындалатынына нық сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • Бүгін, 17:16

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • Бүгін, 14:35

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • Бүгін, 13:28

Ұқсас жаңалықтар