Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Әсілінде, таңбалы тарихты тұғырлы тұлғалар жасайды. Бүгініміз – бүтін бір ұлттың темірқазығы бола қойған жоқ. Ендеше, қаз-қаз басқан Тәуелсіз Қазақстанның кешегісіне кері бұрылып, елдік пен еркіндіктің, егемендік пен ерен ерліктің шырайлы шақтарын, аумалы-төкпелі заманда еліміздің іргесін бекітіп, негізін қалаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биігіне көз жүгіртіп көрейік.

Еркіндікке ұмтылған елдің қадамы қайырлы болса керек-ті. Алтайдағы алтын бесіктен шығып, Ертіс пен Еділдің екі арасын ен жайлаған есіл жұрт сол еркіндігіңізге ғасырлар бойы ұмтылды. Қаншама ұрпақ азаттықтың алтын таңын көре алмай арманда кеткеніне тарих куә. Сол азат һәм ғажап таңның нұрына шомылған біз неткен бақыттымыз. Кеңес өкіметі келмеске кетті де, өз алдымызға отау құрдық. Тарихи таңдау жасап, Тұңғыш Президентімізді сайладық. Егемендік пен Елбасы ұғымының егіз екенін осыдан-ақ аңғара беріңіз.
Тәубесінен жаңылмаған халықты Тәңірі тәуелсіздікпен сынады. Шыңға шығу бар да, шайқалып шыңырауға құлау да бар емес пе? Шыңымыз – бостандық болса, шыңырауымыз – бодандық. Екеуі де бас айналдырады. Құздың шетінде жүріп құлап кетуіміз де мүмкін еді. Құлаған жоқпыз. Ақиқатын айтар болсақ, Ұлт Көшбасшысының көрегендігі мен сұңғыла саясаткерлігі құлатпай аман алып қалды. Өз жолымызды таңдап, өрге қадам бастық. Тұңғыш Президенттің сондағы ерен еңбегін жіліктеп, жіпке тізіп шығудың өзі артық болар еді. Алайда тамырлы тарих ұмытпайды.
Елбасы ең алдымен мемлекеттің жер аумағы мәселесіне нүкте қойып, шекарамызды шегендеп алды. Ел ұмытпайтын ерлік деп осыны айтуға болатын сияқты. Себебі бұл аса жауапты әрі күрделі іс еді. Ұзақ жылдарға созылған келіссөздер де, тарихи құжаттарға жүгінуге тура келген сәттер де болды. Әдетте, сыртқы саясаттың «өгізді – өлтірмеу, арбаны – сындырмау» қағидаты алдыңғы орынға шығады мұндайда. Сондықтан әңгіменің әрісін түсінген адам үшін бұл үлкен жеңіс һәм жетістік. Осылайша, дүние жүзінің саяси картасында тоғызыншы территория пайда болды. Біз соған табан тіреп, кіндік байлап тұрмыз.
«Ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің» (Қазыбек би) Елбасы жасаған енді бір тағдыршешті қадамы – жаппай қырып жою қаруынан бас тартуы дер едік. Осыдан тура 29 жыл бұрын 29 тамызда Елбасының Жарлығымен жер бетіндегі ірі ядролық сынақ алаңы саналатын Семей полигоны жабылды. Бұл полигонда қырық жыл бойы 456 ядролық және термоядролық заряд сыналғанын бүкіл әлем біледі. Бірақ сол әлеміңіз полигон аумағында қоныстанған бір жарым миллион адамның тағдырынан бейхабар. Солай болса да дүние жүзі 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде атап өтіп келеді.
Тұңғыш Президентіміз ұстанған сарабдал саясаттың ендігі жемісі – қандастарымызды атажұртқа оралту кезінде байқалды. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың кесірінен дүние жүзіне тарыдай шашыраған қаракөздеріміз атамекенге табан тигізіп, туған елмен қауышты. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарда бас-аяғы 962 703 қандасымыз Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданыпты. Өткен жылы 17 696 қандасымыз Қазақстанның азаматтығын алған болса, биыл
14 944 қандасымыз Қазақстан азаматы атанды. Жыл басынан бастап елімізге 6 043 этникалық қазақтар тұрақты тұруға көшіп келіп отыр.
Татулық пен достық жоқ жерде ынтымақ пен береке де болмайды. Осыны анық түсінген Тұңғыш Президентіміз сандаған ұлыстың жүрек лүпілін үндестіре білді. Тұрақтылықтың тұғыры ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының іргесін қалап, дүние жүзінде жоқ ынтымақтастық институтын қалыптастырды.
P.S. Бауырлас мемлекеттер Түркі интеграциясының архитекторы деп айрықша баға берген Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегі туралы бұған дейін де аз айтылған жоқ. Алдағы уақытта да айтыла береді. Себебі Ұлы даланың тарихын, тәуелсіз елдің даму даңғылын Елбасынан бөліп қарау мүмкін емес. Әр отандасымыздың өзегінде осындай оймақтай ой жүрсе керек-ті...
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар