Әлем • 24 Тамыз, 2019

Қытайдың оңтүстігінде дауыл тұрып, толассыз жаңбыр жаууы мүмкін

107 рет көрсетілді

Қытайдың ұлттық обсерваториясы келе жатқан Байлу тайфуны салдарынан қауіп-қатердің сары деңгейін жариялады. Осыған байланысты Қытайдың оңтүстігінде дауыл соғып, толассыз жаңбыр жаууы мүмкін деп хабарлады Синьхуа агенттігі. 

Биылғы 11-ші тайфун Тайваньның оңтүстік-шығысына сенбі күні келуі немесе айналып өтуі ықтимал. Әрі қарай сенбі күні түнде немесе жексенбі таңертең Фуцзянь мен Гуандун провинцияларының жағалау маңындағы аудандарына жылжиды деп хабарлайды Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы.

Орталық қатты жел мен жауынға байланысты Тайвань, Фуцзянь, Чжэцзян, Гуандун, Шаньси, Сычуань және Юньнань провинцияларында ескерту жариялады. Кейбір аудандарда сағатына 60 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Сондай-ақ Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы тұрғындардан белсенді демалыстан бас тартып, жергілікті билікті жаңбыр салдарынан болуы мүмкін су тасқынына қарсы сақтық шараларын қолдануға шақырып жатыр.

Қытайда күрделі ауа райы жағдайы туралы халыққа ескерту үшін төрт деңгейлі көрсеткіш: қызыл, сарғылт, сары және көк түс қолданылады.

Соңғы жаңалықтар

Мереке қарсаңындағы марапат

Аймақтар • Бүгін, 16:06

COVID-19: Вакцина бағасы қандай болмақшы?

Коронавирус • Бүгін, 15:13

Алдағы күндері аяз болады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елордада STEM олимпиадасы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:30

Пневмонияның 43 жағдайы тіркелді

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Саңлақтар сыр бермеді

Күрес • Бүгін, 08:28

Білім мен рухани бірлік алаңы

Руханият • Бүгін, 08:23

Ел чемпионатында топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:20

Ой түбінде жатқан сөз...

Қоғам • Бүгін, 08:17

Аңыздар айқасы тең аяқталды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар