Қоғам • 09 Қыркүйек, 2020

Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы өтеді

30 рет көрсетілді

Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы 2020 жылдың 17 қыркүйегінде онлайн форматта  өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум жұмыс жасаған жылдар ішінде индустриядағы басты салалық шараға және  жетекші қазақстандық, шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор мен даму институттарының, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушыларының диалогтық алаңына айналды.

Форумды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,  Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.

Форум аясында ұйымдастырылып отырған  машина жасау және металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2020» көрмесі де 17-20 қыркүйек аралығында онлайн форматта өтеді. Бұл көрмеде отандық және шетелдік жетекші машина жасаушылардың өнімдері ұсынылады.

Көрме https://kmf.astanaexpo.expoplatform.com онлайн платформасында өтеді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар