Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2020

Түркітілдес мемлекеттердің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдері ТЮРКСОЙ Бас хатшысымен кездесті

23 рет көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) жанындағы Түркітілдес мемлекеттердің Тұрақты өкілдері Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу қатысушылары 2021 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Өзбекстан тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында ТЮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердегі мәдени және табиғи мұра нысандарын таныстыру мақсатында ЮНЕСКО штаб пәтерінде бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарларын талқыға салды.

Іс-шара аясында Д. Қасейінов ЮНЕСКО алаңында түркі мәдениеті мен өнерін ілгерілетуге қосып жүрген елеулі үлесін атап өту мақсатында ЮНЕСКО Бас конференциясының Төрағасы – Түркияның Тұрақты өкілі Алтай Ченгизерді ТЮРКСОЙ қазақтың ғұлама ақыны мен ойшылының 175-жылдығына орай тағайындаған «Абай» естелік медалімен марапаттады.

7

Кездесу ТЮРКСОЙ басшысының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенцияның VIII Бас ассамблеясы аясына қатысуының аясында өтті. Д. Қасеинов ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне Рамиреспен келіссөздер өткізіп, сұхбаттасымен әлемнің түркітілдес және басқа да халықтардың ортақ мұраларын қорғау және насихаттау саласында көкейкесті бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда өзара қолдау мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар