Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2020

Ақтөбеде көлік апатынан бір адам көз жұмды

18 рет көрсетілді

Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, 39 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Деу-Нексия" маркалы көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында қарсы бағытқа шығып, "Фольцваген-Пассат" маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы кезінде "Деу-Нексия" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы Алға қаласының ауруханасына жатқызылды. Ал 39 жастағы әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс аралығын сақтауға шықырады", деді облыстық облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар