Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Алматы облысында салық төлемеген кәсіпкер 5 жылға қамалды

34 рет көрсетілді

Алматы облысында салық төлемегені үшін кәсіпкер бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тергеуді Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізді. Ер адам салық төлеуден жалтару үшін бірқатар жалған фирмаларды тіркегені белгілі болған.

Ол бірқатар ұйымдардан бюджетке салық төлеуден жалтарған. Оны декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, салық салу объектілері мен басқа да төлемдерді жасыру арқылы жүзеге асырған.

Бюджетке төленетін міндетті төлемдерден жалтарған кәсіпкер 1,635 миллиард теңге сомасында материалдық залал келтірді", деп хабарлады ҚТКФ.

Нәтижесінде ер адам мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа да ұйымдарда үш жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, бес жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар