Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Іскер аналарға арналған жобалар қарқын алуда

34 рет көрсетілді

Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған "Бақытты отбасы" әлеуметтік жобасы ашылған болатын. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында "Іскер ана" бағдарламасы іске аса бастағаны белгілі. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі.

Д

Биыл "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алды.
Э
Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған "Іскер ана" арнайы дүкенінде сата алады.
Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар