Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020

Құс тұмауы анықталған аумақтарда карантин енгізілді

28 рет көрсетілді

Өңірдегі Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылын­да үй құстарынан құс тұмауы анықталды. Аудан әкімі­нің орынбасары Нұрболат Мақашевтың айтуынша, құс тұмауынан осы апта ішінде 158 үй құсы өлген. Сондық­тан жергілікті ауыл әкімі Қайырбек Абсалямов пен аудан­ның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инс­пек­торының ұсынысы негізінде карантиндік шара жасалды.

– Қазір республикалық эпидемияға қарсы топ­тың мамандары ауылдағы 1800 бас құстың бәрін жоюда. Бар­лық қажетті карантиндік шара­лар қабылданды. Ауыл тұр­ғын­дарына олардың қажет­тілігі, құс тұмауына шалдығу қаупі түсіндірілді, – дейді Н.Мақашев.

Соңғы 3 күнде ауылда құс өлімі тіркелмеген. Аудан ауыл­дарындағы 20 мыңға жуық үй құстарына вакцина салынды. Ал бірнеше түрлі құс өсі­ретін Железин ауданының Ақ­тау ауылдық аумағында құс тұмауына тексерілген нәти­желерге орай карантиндік шаралар енгізілсе, Жаңажұлдыз ауы­лында алдын ала сақтық шаралары жүргізілуде.

– Карантиндік шараларға тұрғындар түсіністікпен қарай­ды, – дейді Ақтау ауылдық аума­ғының әкімі Жанар Орын­бекова. – Ауылдағы 103 аулада 1622 бас тауық, қаз, үйрек, күркетауық бар. Қазір жылжымалы өртеу құралы орнатылды. Өлген құстар жойыл­ды. Ауылды айналдырып жер­ді жыртып, бекеттер мен тос­қауылдар қойылды.

Сонымен бірге Ертіс ауда­нының Ағашорын ауылында да қазір алдын ала тексеру шаралары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы термиялық өң­деу­ден өтпе­ген құс еті өнім­де­рі мен жұмырт­қаларын тұ­­тыну арқылы құс тұ­мауы жұғатынын, жабайы немесе ауру құстарға қол тигізуге, өлі не­месе ауру құ­с­тарды шикідей, толық пісірілмеген ет пен жұ­мырт­қаны жеуге болмайтынын хабарлады. Сон­дықтан ауыл­дарға барлық құс өнімдерін шы­ғаруға тыйым­ салынды. Аң аулауға шық­­­пауға және аулан­ған аң етін жемеуге кеңес бе­рі­лу­де. Мемлекет жойылған құс ие­леріне нарықтағы баға бо­йын­ша өтемін төлейді. Өңір­­ге құс тұмауына қарсы вакци­наның 456 мың дозасы жеткі­зілген.

 

Павлодар облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар