ХІХ ғасырда Францияда Шарль Сент-Бев есімді қаламгер өмір сүрген. Өзі ақын, өзі жазушы, өзі сыншы әмбебап дарын әдеби шығарманы «өмірбаяндық әдісті» қолданып зерттеу туралы кітап жазады. «Әдеби портреттер» деп аталатын сол кітап француз қоғамында кезінде резонанс туғызғаны айқын. Ол еңбек, әсіресе көркем шығарманы зерттеуде ғылыми сипаттағы эстетикалық трактаттарды қолданатын «ауыр салмақтағы» сыншылар үшін жаңалық болған. Сент-Бев көркем шығарманы автордың өмірбаяны арқылы зерттеуді ұсынды.

Ол үшін автордың ішкі әлемі ғана емес, сыртқы жағдайы да маңызды болды. Мысалы, оның тегі қандай, дінге, саясатқа көзқарасы қандай, мінез-құлқында елеулі кемшіліктер бар ма, сондай-ақ нендей ерекше әдеттері бар, нені ұнатады, нені ұнатпайды, қаржы мәселесі шешілген бе, осы тектес сауалдарды қоя отырып, Сент-Бев кез келген шығарманы әдемілеп талдауға болатынын алға тартады. Әрине бұл әдеби шығарманы зерттеудің бір ғана әдісі. Оның өзі екі ғасыр бұрын пайда болған көне әдіс. Сөйтсе де Аягүл Мантайдың шығармаларын оқыған сайын осы Сент-Бев пен оның «Әдеби портреттері» еске түсе береді. Оның себебі Аягүлдің шығарманы көбінде бірінші жақпен жазатынымен әрі әрбір шығармасында оқырманымен сырласып отырғандай баяндайтынымен байланысты болуы мүмкін. Кей шығармаларындағы бас кейіпкер «мен», бас кейіпкердің маңайындағы жанама кейіпкер «мен» биографиялық әдіс туралы айтпай кетуімізге ырық бермейді. Әдеби білімді Мәскеуден алған жас жазушы Аягүл Мантайдың ертеректе жарияланған «Балалықтың көктемі», кейінгі шыққан «Жүрекке оралу» кітаптарын оқып шыққан соң, өмірбаяндық әдіс пен қазіргі әдеби герменевтиканы арқау етіп, Аягүлге де бір жазба арнағымыз келді.
Жазушының балалық шағы тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңіне тап келгені белгілі. Аягүл шығармашылығынан дәл осы кезеңнің тіршілігі сырт қалмайды. Оның кейіпкерлері ауылдағы жұпыны тіршілікке баланың шынайы, аңғал, бейкүнә көзімен қарап, албырттықпен романтика іздейді. «Бөрте» әңгімесіндегі балалардың барлығы да өз жастарына сай қылық көрсетеді, сөз сөйлейді. Әжелерінің «аптертетін» көтеру үшін жасаған ұрлықтары да жарасымды. Сондай-ақ «Қабір гүліндегі» Жалбыз өзеніне суға түсу үшін таласып, жақ-жақ боп айтысатын балалардың, «Құстар қайтқандағы» әңгімесіндегі ерегескіш, қырсық бас кейіпкердің, төбелескіш Сәкен мен аңқау, мейірімді Аққыздың әрекеттері балалық шақтың тәтті естеліктері сияқты әсер береді. Екінші жағынан, осы айтылған әңгімелердің бәрінің өне бойы мұңмен өрілгені байқалады. Автор тәтті естеліктер мен балалық қылықтарды жазғанымен, санасының арғы түкпірінде сол оқиғалардың өткеніне, соған өзінің куә болғанына қысылатын, өкінетін ниет байқатады, кейіпкерлерді шынайы аяйды. Яғни, қазіргі әдеби герменевтика әдісімен, «Бөрте» әңгімесінің алғашқы азат жолынан-ақ автордың негізгі ұстанымдарын, көзқарастарын, тіпті сезімдерін де интерпретациялауға болады. Екі ағасының, інісінің қайтыс болуы бала кейіпкерді ауыр мұңға салғаны соншалық, ол мұңды, жалғыздықты ендігі жерде ештеңе де жеңе алмайтынын түйсініп қояды... Автордың адам болмысындағы балалық албырт сезімдер мен аңғал қылықтарды жоғалтпау керектігі туралы, сондай-ақ барлық оқиғалардың себебі мен салдары, барлық кейіпкердің өмірде өз орнының болатыны туралы идеяларын жоғарыда айтқанымыздай, алғашқы азат жолдан-ақ байқадық.
Аягүлдің ерекше кейіпкерінің бірі – Томпақ. Әкесі маскүнем, анасы қауқарсыз, тұрмыстары жұтаң, оған қоса семіздігін мін көріп, мазаққа айналдырып жүрген ауыл балаларына өкпесі қара қазандай Айжұлдыздың бар амалы – оқшаулану, жалғыз өзі мұң кешу. Ол өзі құралпы балалармен әңгімелескісі, ой бөліскісі келеді. Бірақ балалар мысқылдап, келемеждеп оны топқа қоспайды. Сонымен Томпақ ерте есейіп кетеді. Ерте есейгенінің белгісі – тоғызыншы сыныптан кейін оқымай қояды. Ернін қызыл далаппен бояп, шашын бұйралап, денесіне жабысқан көйлек, аяғына биік өкше туфли киіп өзіне назар аудартқысы келеді. Бәрібір ол мазаққа ұшырайды. Ешкім оған бойжеткен ретінде қарамайды. Себеп – семіздігі. Жазушы осы қыздың жан дүниесіндегі арпалысты әрекеттері арқылы жақсы берген. Алқаш әкесінің өліміне ерекше қайғырғаны, ерте есейгені, он жеті жасында некесіз бала тапқаны бәрі сенімді суреттелген. Жазушы «Томпақ» әңгімесі арқылы не айтқысы келеді? Қоғамда ерекше болуға болмайды! Мейлі жан дүниенің, болмыстың ерекшелігі, мейлі сыртқы қалыптың ерекшелігі болсын, ол бәрібір «бірдей ойлайтын» адамдар тарапынан мазаққа ұшырайды, қорлық көреді. Олар бала-шаға, үлкен адамдар болып бөлінбейді. Тіпті балалардан да шектен шыққан жауыздықты күтуге болады. Олар оны саналы түрде жасамағанымен, болмыста бар жауыздық бәрібір сыртқа шығады. Әсіресе ойын балалары бейсаналы түрде жауыздықтарын еркелікпен, аңқаулықпен, ақымақтықпен өздеріне ұқсамайтын «бөтен» адамға көрсетеді. Айжұлдыз есімді томпақ қыздың жайы сол. Себебі ол «бөтен».
«Балалықтың көктемімен» танылған жазушы қыздың «Жүрекке оралуы» жүрегімізді жылытты. Кейіпкерлері арқылы «өмірде бәрі салыстырмалы, уақытша» деп құлағымызға сыбырлап тұрғандай күй кештік. Ең бастысы, адамның имансыздықтан қайғы-қасірет арқалап, көп зардап шегетінін тағы бір еске салды.
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Бүгін, 19:07
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 18:23
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар