Елорда • 29 Қазан, 2020

Көктайғақта жарақат пен сынықтан қалай сақтануға болады?

19 рет көрсетілді

Көктайғақ маусымы басталады. Осы кезеңде жарақат алу қаупі айтарлықтай артады. Қазір қол мен аяқтың сынығы, көгеру, бас, қабырға сынықтары, көгерген жаралар, гематомалары бар адамдар емханаға жиі барады, деп хабарлайды Egemen.kz

Дәрігер-хирург, №1 қалалық емхананың консультативті-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Эльвира Каженова құбылмалы ауа-райында сынықтан сақтануға бірнеше кеңес берді.

1. Табаны жатаған, ыңғайлы аяқ киім киіңіз.

2. Жаяу жүргінші жолы немесе бағдаршамнан өтіп бара жатқанда құлаққап киюге болмайды, өйткені көлік дабылы естілмеуі мүмкін. Бағдаршам мен жаяу жүргінші жолынан өту кезінде балаларды қолыңызда ұстаңыз.

3. Қоғамдық көліктен ақырын шығып, ұстағышты нық ұстаңыз. Аялдамадан кетіп бара жатқан автобус артынан жүгірмеңіз. Тайып құлау ықтималдығы жоғары.

4. Егде жастағы адамдарға резеңке ұшты таяқшаны қолдануға кеңес беріледі.

5. Арқаға құлап түсу қауіпті, себебі желкемен соғып, миы шайқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда иекті кеудеге дейін тарту ұсынылады.

6. Қолдың алақан бетіне түсу ұсынылмайды, өйткені бұл білек пен білек сүйектерінің сынуына әкеледі. Қолдың сырт жақ қырына құлап түсуге тырысқан жөн.

Алғашқы қабылдауда дәрігердің қарауынан кейін дененің жарақаттанған бөлігінің рентгенографиясы, қажет болған жағдайда басқа мамандардың (невропатолог, нейрохирург, хирург) тексеруі тағайындалады. Тексеру нәтижелері мен аспаптық зерттеу әдістерінен кейін сынықтар анықталған кезде гипс иммобилизациясы қолданылады немесе көрсеткіштер бойынша хирургиялық емдеуге жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Көрмедегі көркем кітаптар

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Алып ағаш

Оқиға • Бүгін, 07:42

Торғай тарихының тағылымы

Таным • Бүгін, 07:39

Қапастағы қарсылық

Руханият • Бүгін, 07:35

Бақбақ тістеген тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:31

«Теңізшевройлдан» – 825 көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:25

Елбасы дәрісханасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:22

Дәуірден озған дара тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:20

Ұқсас жаңалықтар