Аймақтар • 19 Қараша, 2020

ҚАЖД қызметкерлері туристік сапарға шықты

46 рет көрсетілді

Маңғыстау табиғаты – таңғаларлық ерекшеліктерге толы. Табиғаттың тылсым сырларына тұнған көрікті жерлерді аралау тек шетелдік туристердің ғана емес, маңғыстаулықтардың да арманы. Және олар қанша рет араласа да туған жердің төсінен тың жаңалықтар тауып, көз қарықтырар сұлулыққа тәнті болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірдегі мекемелер мен ұжымдар қиын қызметтен бір сәт сергіп, туған өлкенің табиғаты  аясында демалуды естен шығарғна емес. Бұл жолы Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері идеологиялық жоспарды орындау және қызметкерлерде туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты жандандыру мақсатында Маңғыстау облысының мәдени тарихи жерлеріне саяхатқа шықты. Олар Торыш шарлар алқабы мен Акеспе тауына барып, жұмбағы күні бүгінге едйін шешілмеген шар тастарды тамашалады.

"Табиғат аясына демалған – әрі денсаулыққа жақсы болса, әрі туған жерді тануға, сол арқылы өз Отанымызды сүюге, оның табиғи байлықтары мен ерекшеліктерін қорғауға оң әсер қалыптастырады. ҚАЖД қызметкреелірмен болған сапар ізгі мақсаттардан туған тағылымды сапар болды", дейді ГМ-172/10 мекемесі КСБ инспекторы әділет лейтенанты Нәбира Бисекова.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Қазақстанда доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 12:37

Ұқсас жаңалықтар