Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Павлодарда ХҚКО қызметкерімін деп таныстыратын алаяқтар көбейген

12 рет көрсетілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеген. Павлодар мен Екібастұз қалаларының және Ертіс ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдар келіп, ХҚО қызметкерлері атынан оларға қоңырау шалған белгісіз адамдардың қарыздарын өтемеген жағдайда ЭЦҚ кілттері мен жеке бас куәліктерін бұғаттауы жайлы хабарласқанын айтқан екен", дейді облыстық "Азаматтарға арналған үкімет" PR-менеджері Мейрамгүл Абдрахманова.

Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар