Осы бір күңгірт пейзаж ешкімді есіңізге салмай ма? Осы бір сырлы да нұрлы сурет өмір бойы кеуде тұсында сақталатындай. Әмсе, көптің көңіліне сұлу бір сөз болып жетсе деп қанша армандады екен?! Тағы да еске алса, адам қолынан жасалған ерлікпен тіршіліктің ізі жосылған, жаңа қоныстар, жаңа түтіндер қосылған теңбіл-теңбіл далаға, орманы қаудай ұйысқан ұйыққа, қу медиенде құшағына құпиясын тыққан тарғыл-тарғыл құмдарға қарап ойланып еді-ау, сонда! Сосын әдетінше жұлдыздарды жолына жайып, бақыт болсаң ертерек белгі бер дегендей түнгі аспанға телміретін.

Ұлы суретші ғарыштан нені іздеді? Әлде кімді деп сұрақ қоюымыз керек пе еді? Жалынға оранған кипарис ағашының артында қандай сыр бұғынып жатыр? Бәлки, сырқаты меңдеген науқастың сандырағы болар? Өлермен күй кешіп, жағасына жармасқан өлі елестерге жан бітіргісі келді ме?
Ескі көзқарасқа ерік берсеңіз, көптеген елде кипарис культ ағашы болып саналады. Көне грек аңыздарында, Кипариса есімді сұлу қыз қабыршақпен көмкерілген жапырағы көп әдемі бір ағашқа айналып кеткен деседі. Ғалымдардың есебінше, бір ағашта 45-тен 55 миллионға жуық жапырақ бар. Иә, мұндайда ойға бірден ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ақ қайыңмен сырласқаны оралады. Қаламгердің «өмір сүрейік алмасып» дегеніндей. Сондықтан да болар, мифтік мінбеде адамзат оларды мәңгілік өмірдің иесіне балайды әмбе аспанға барар төте жолды табуға көмектеседі деп сенген. Біздіңше, мұндағы кипарис – автордың өзі, яғни жер мен көкке ортақ Винсент Ван Гог.
Бір қызығы, картинада көктегі әлем жердегі өмірге қарағанда тартымды көрінеді. Түстер тұтастай трансформацияланып, мифтік ритуалдармен астасқан. Түрлі-түсті бояулардың бір ырғақта кездесуі шартты һәм шартсыз түсініктерге кері пропорционал. Космосқа тәуелді уақыт динамикасы стихиялық сезім тудырады.
Енді бір сәт елегізген көңілін ептеп басып, өзінің ішкі «меніне» құлақ түрсе: ішіндегі «жынды» «мені босатындар!» – деп сүйіншілегісі, әлде айқайлағысы келетіндей. Бала күнгі құс боп ұшқысы, ақ бұлттардың тура төбесінен көктеп бір өткісі келетіні, діннен сабақ алғаны, зәу биікке ғажайып баспалдақ салып көтерілуге талпынатыны – бәрі-бәрі орындалатындай. Төмен қарайды. Өзі туған топырақ төбе боп жиылып, бұған сәт-сапар тілейтіндей ме, қалай? Достары, туыстары, ет-жақындары сонда нүктедей болған оны ұзатып тұрғандай әлі.
Бақсаңыз, картинада күннен басқа барлық нәрсе бейнеленген. Ван Гог үшін күн кім болуы мүмкін? Бауыры әлде әкесі? Бұл беймәлім. Бірақ інісіне қатты тәуелді болған ғажайып суретші оның өзіне мойынсұнғанын қалайтындай. Шындығында, біз картинадан Ван Гогтың үш «менін» көреміз. Біріншісі – күллі әлемді өзіне табындырғысы келетін құдірет иесі. Әйтпесе «Менің түпкі ойым – өзіме аянышпен қарамау, көптеген қиындық пен көңіл күйімнің түрлі реңктерінен қашпау. Көп күн көрсем де, аз күн көрсем де – маңызды емес. Себебі, калай да болса, қоршаған Дүние алдыңда менің парызым бар. Ол – жер бетінде 30 жыл жасап, артымнан Әлемге тағзым, сый-құрмет ретінде кенептегі шығармаларымды қалдыру» деп жазар ма еді. Екіншісі – құмарлық пен жындылықтан арылған кішкентай қарапайым адам. Ол көкте болып жатқан бүліктен мүлде бейхабар кейіпте. Алақандай ауылда шіркеудің қорғауымен тыныш ұйықтайды. Соңғысы, яғни негізгі «мені» – оттың тіліңдей көкке ұмсынған кипарис ағашы. Ол автордың қиял кеңістігіне бағытталған аңсар-арманы. Оның шығармашылығына нәр беретін тұңғиық ғарышпен байланысып жатса да қара жерден қуат алатынын баяндайды. Ессіздігіне тіреу болған сағынышы құйынға сіңіп, бақи мен фәнидің ортасында тұрғандай.
Жоғарыға қарайды. Ақша бұлт. Одан да лезде өтеді сосын. Әрі қарай ұшы-қиырсыз кеңістік. Сонда сезеді жаны. Адамға қашанда арман мен мақсат заңғар екенін. Өйтпегенде, ғарышта да жерден биік ұйық жоқтай. Шықсам деген бұл «шыңның» қасиетті туған топырақтан алыстаған сайын аласарып сала беретіні де содан ба екен, тәйірі?! Әлде өзін жоғалтуға сәл-ақ қалғанын сезіп тұрған сәт пе?
Жарқыраған аспан денелері салқын ақ пен сары түстің түрлі реңктерін біріктіру арқылы жасалған. Христиандық дәстүрде сары түсті – Құдай сәулесімен әрі ағартушылықпен байланыстырса, ақ түс – басқа әлемге көшудің белгісі болған.
Кескіндемедегі ақшыл көк түстен қанық көкке дейінгі аспан реңі тым бұлыңғыр. Кенептің үлкен бөлігі адамның артықшылығы мен рухани күшін көрсету үшін берілген секілді. Мұның бәрі ұйқыға атқан қала бейнесіне тыныштық себуге оқталған автордың өз ойына өзі қарсы шыққандай әсер береді.
Ван Гог «Жұлдызды түнді» 1889 жылы Сен-Пол-де-Мавзоле ауруханасында жазды. Психикалық ауруға душар болған ол емделе жүріп шығармашылығын жалғастырды. Әрі сол уақыттарда ең танымал туындыларын өмірге әкелді.
Жата-жастана шығармашылықпен айналысу оған ақылға келуге көмектесті. Тіпті сырт көз мойнына тағып берген сырқаттан қашудың таптырмас амалы болды. Бір қызығы, қылқалам шебері інісі Теомен жиі хат алмасып тұрса да «Жұлдызды түн» туралы сирек жазған. Бір хатында: «Жалпы, мен үшін аз ғана нәрсе жетеді. Бидай алқабы, тау, бақ, көк төбелер мен зәйтүн ағаштары, портрет және шахтаға кіру. Қалғандары маған ештеңе айтпайды» дейді.
Байқасаңыз, суреттегі ала құйынның екеуінің көлемі екі түрлі. Бұл үлкен және кіші, бір-біріне тең емес қарсыластардың бетпе-бет соқтығысуы. Жекпе-жек барысында сіз замандасы француз суретші Пол Гогенмен достық әмбе бәсекелестік қарым-қатынасты көре аласыз. Өкініштісі сол, шығармашылық текетірес ажалға қарай итермеледі.
Кенептен жындылық пен қорқынышқа деген қызығушылықты көресіз. Ол кез келген сәтте оқырманды жұтып, өз иіріміне тартатын тәрізді. Неге десеңіз? Біз аспанға қарап тұрмыз ба әлде жұлдыздарға байланған көк теңізге қарап тұрмыз ба, түсініксіз?! Ал, бұл түсініксіздік авторды тіпті биіктете түседі.
1889 жылы қарашаның соңында Ван Гог суретші Эмиль Бернардқа жазған хатында кескіндемені «сәтсіздік» деп атайды. Шынында, бұл картина жарық пен түстің құшағында азаптанған даңқты суреткердің ең ұлы сәтсіздігі еді.
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар