Нұр-Сұлтан қаласында "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі" атты халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүрлі форумды ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның және оның парламентаризмін қалыптастыру жолындағы теңдессіз рөліне тоқталды.
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Елбасымыз елімізді барлық қиындықтан аман алып шығып, ірі саяси, экономикалық әлеуметтік реформалар жасады. Мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізді.
"Қазақстандық даму жолы" қалыптасты. Сондықтан, шын мәнінде, "Тәуелсіздік жолы ол – Елбасы жолы". Осы даму жолымыз қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен одан әрі жалғасуда.
Нұрлан Нығматулин осы үлкен жолда тәуелсіздік тарихымен бірге келе жатқан қос палаталы Парламенттің де үлесі зор екенін баса айтты.
"Бүгінде біздің кәсіби Парламент қоғамдық пікірлер мен ашық саясаттың биік орны болумен қатар, мүмкіндігі мол, қуаты мықты, жоғары заң шығарушы органға айналды. Өзіне жүктелген, әрбір міндетті абыроймен атқарып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды қадамдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етіп келеді", деді.
Сонымен қатар палата Спикері Қазақстан Парламентінің өркениетті елдердің заңнамалық органдарымен тең дәрежеде қызмет етіп, Елбасымыз айтқандай, нағыз демократия мектебіне айналғанын жеткізді. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осының барлығы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ел басқарудағы дана, көреген, сындарлы саясатының жемісі. Мәжіліс Төрағасы бүгінгі таңда бүкіл әлемді қамтыған күрделі ахуалға назар аударып, осындай қиын жағдайда біздің елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуға және халықтың табыс деңгейін қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді.
"Дағдарысқа қарсы жедел шаралар шеңберінде кірістерін уақытша жоғалтқан 4,5 миллионнан астам қазақстандық ай сайынғы өтеусіз мемлекеттік көмек алды. Бұл мақсатқа 450 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Осы күрделі кезеңде біздің Тұңғыш Президентіміз бұрынғыдай барша қазақстандықтар бірлігінің кепіліне айналғанын ерекше атап өткім келеді", деді.
Елбасының бастамасымен "Birgemiz" ұлттық қайырымдық қоры ұйымдастырылып, жалпыхалықтық қозғалыс барлық қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдырды. Сонымен қатар, қордың біржолғы қайырымдылық қаржылай қолдауына 550 мыңнан астам қазақстандық отбасы ие болды.
Миллионнан астам адам азық-түлік және тұрмыстық көмекпен қамтылып, мыңдаған ерікті мұқтаж жандарға жәрдемдесті.
Өз кезегінде коронавирустың таралуына қарсы тұру және төтенше жағдай кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында Елбасының бастамасына Мәжіліс депутаттарының бірауыздан қолдау білгіргенін айтқан Палата Спикері Нұрлан Нығматулин тілге тиек етті.
"Бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі бастамасы заңнамалық қолдауға ие болып отыр. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың наурыз айынан бері Парламент ерекше жағдайда жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезінде Парламентте басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісі қолданыла бастады. Ол заң жобаларын қашықтықтан талқылау жүйесі. Біз үшін барлық мүдделі тараптардың, депутаттардың, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның үздіксіз қашықтықтан жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бейне байланыс, селекторлық кеңестер және басқа да заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігін барынша пайдалану маңызды болды. Ерекше айту керек, заң жобаларын мақұлдаудың қарқыны мен сапасы төмендеген жоқ. Өз уақытында жедел әрі тиімді шешімдер қабылданды", деп атап өтті.
Сонымен қатар конференцияда Мәжіліс Төрағасы ең алдымен, депутаттар ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, халықты әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы жүйелі шаралар, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, білім берудің барлық деңгейлерінің сапасы мәселелерін ерекше бақылауға алғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, палата Спикері Нұрлан Нығматулин бүгінде елімізде экономикалық өсімді қалпына келтіру, шағын және орта бизнесті қолдау, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанына назар аударды.
Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды
Аймақтар • Бүгін, 20:36
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • Бүгін, 19:51
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 19:45
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Бүгін, 19:41
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Бүгін, 19:35
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • Бүгін, 19:17
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Бүгін, 19:07
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • Бүгін, 19:02
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • Бүгін, 18:52
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 18:30
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • Бүгін, 18:26
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:20
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Бүгін, 18:13
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:08
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Бүгін, 18:07
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Ұқсас жаңалықтар