Пікір • 03 Желтоқсан, 2020

Келеңсіздік теңсіздіктен басталады

16 рет көрсетілді

Nur Otan партиясының съезінде қабылданған шешімдер бүгінгі таңда үлкен маңызға ие. Әлемді дүр сілкіндірген пандемия мен ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекет және партия басшылығының дұрыс қадам жасауы өте маңызды болып табылады.

«Келеңсіздік теңсіздіктен бас­талады» деп бірнеше жүз жыл бұрын Конфуций дәл тауып айтқан. Осыған сәйкес бүгінгі таңда Nur Otan партиясының әлеуметтік ортаның ең әлсіз тұстарына көбірек мән беруі де кездейсоқ емес. Бұл туралы съезде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеңінен атап өтті. Жақын арада осы маңыз­ды бағыттардың жүзеге асуына ерекше мән беріледі. Жалпы алғанда, Nur Otan партиясы халықтың қажеттіліктеріне үнемі қолдау білдіріп, назар аударып келеді, осы маңызды мақсатқа Үкімет тарапынан триллион теңге бөлінді.  Уақыт жұмыс жоспарына жаңа шарттар қойып отыр. Қазақстан бұл қиындықтарды толық­тай жеңеді, әрі оны еңсеруге бірнеше онжылдыққа ұласқан Тәуелсіздіктің арқасында жи­нақталған қорымыздың әлеуеті жетеді. Кез келген қиын сәттерде тек берік ұйымдасқан және өзара түсіністік орната алған елдер ғана жеңіс тұғырын бағындыра алады.

 

Бауыржан БАЙТАНАЕВ,

ҰҒА академигі, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар