Ертеде тақуа діндарды жап-жас жігіт іздеп келеді. Ол тақуадан адам ретінде толық жетілудің жолын сұрайды. Сонда тақуа: «Сен бүгін түнде бейіт басына бар да, таң атқанша өлгендерді мақта! Олар саған не дейді, соны маған айтарсың!», дейді.

Жігіт тапсырманы мүлтіксіз орындайды. Таңертең ерте ұстазына келіп, өліктер тіл қатпағанын айтады. Тақуа: «Онда сен бүгін тағы бар, таң атқанша өліктерді жаманда, тілде, мүмкін сонда тіл қатар», дейді.
Шәкірт оны да орындайды. Таңертең ұстазына келіп, өліктердің ләм-мим демегенін айтады. «Балам, – дейді қария. – Сен бұл дүниеде жетілген адамдардың қатарында болғың келсе, тура өліктер сияқты мақтаса да, даттаса да міз бақпайтын бол. Сонда ғана мақсатыңа жетесің!»
Бұл әңгіменің ғибраты неде? Мақтан бар жерде адам баласы рухани жетілмейді. Рухани жетілмеген адам қай тараптан болсын рухты, кемел дүние тудыра алмайды. Яғни, адамды рухани мүгедектікке, арылмас дертке шалдықтыратын дүние – мақтау. Әр нәрсенің шегі болатыны сияқты, мақтау мен мадақтың да шегі бар. Артық мақтау – жанға қас.
Ислам дінінде мақтану мен мақтан үшін жасалған істі «рия» дейді. Кімнің бойында рияға құмарлық болса, оның істеген жақсы амалдары шайылып кетеді. Мысалы, бізге имам Мүсілім арқылы жеткен мынадай бір өсиет хадисте: «Қиямет күні Алланың құзырына бірнеше адам әкелінеді. Хақ Тағала бірінші адамнан: «Сен не тындырдың?» деп сұрайды. Пенде: «Шейіт болып жаным шыққанша, сенің жолыңда аянбай соғыстым», деп жауап береді. Хақ Тағала: «Жалған айтып отырсың! Сен ел-жұрт «неткен батыр адам!» деп айтсын деп соғыстың», деп оны жәһаннамға лақтыруға бұйрық береді.
Келесі болып білім үйренген ғалым адам әкелінеді. Алла Тағала одан: «Жақсы нығметтерге жету үшін не істеп едің?» деп сұрайды. Әлгі адам: «Ғылым үйрендім, өзгеге үйреттім, сенің ризалығың үшін Құран оқыдым», деп жауап береді. Хақ Тағала сол кезде: «Сен адамдар «керемет ғалым екен» деп айтсын деген ниетпен ғылым үйрендің ғой. «Құранды қандай тамаша оқиды!» десін деп Құран оқыдың, осы рияң үшін», деп оны да тозаққа лақтыруға бұйрық береді.
Одан кейін мал-мүлкі көп бай адам әкелінеді. Алла тағала өзінің оған берген игіліктерін есіне салып: «Ал жарайды, сен сол игіліктерге ие болу үшін не жасадың?» деп сұрайды. Әлгі пенде: «Сенің ризалығың үшін мал шаштым», дейді. Алла тағала: «Айтып отырғаның жалған, сен «мынау неткен жомарт адам» десін деп жасадың», дейді. Сөйтіп оны да жәһаннамға лақтыруға бұйрық береді.
Демек бұл хадистен біз не түсінеміз? Абай атамыздың 38-ші қарасөзінде «бұл жолда риясыз, жеңілдіксіз бір қарар тұрып іздеген ғана кісі істің кәмәлатына жетпек» дегеніндей, амалдың қабыл болмағы риясыз ықыласқа байланысты екен. Біздің көбіміз қателікті дәл осы жерден жіберіп аламыз.
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Бүгін, 19:57
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Бүгін, 19:07
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 18:23
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар