Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Мал ұрлаған тұрғын қамаққа алынды

51 рет көрсетілді

Қызылорда облысы Сырдария ауданының кезекші бөліміне Н. Ілиясов ауылының тұрғынынан 25 тамыз күні қорасынан 1 бас жылқысын ұрланғаны туралы арыз келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 38 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті қамаққа алынды.

– Мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға яғни 230-дан 144-ке төмендеді. Дегенмен, мал ұрлықтарының жасалуы әлі де  азаймай отыр. Облыс  бойынша мал ұрлығымен айналысқан жалпы 67 адамнан, оның ішінде 13 қылмыстық топ құрықталып, сол топтар жасаған 43 эпизод құрайтын қылмыстары әшкереленді.

Мал ұрлығының өсім алуының бірден - бір себебі азаматтардың малдың жоғалғаны туралы кеш хабарлауы болуда.

Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалып кетеді, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар