Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 1500-ге жуық шетел азаматы білім алуда

63 рет көрсетілді

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2021 жылы студенттік Универсиада өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ, университеттің халықаралық рейтингте орнын көтеру, жаңа мамандықтар ашу, оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысын көбейту көзделуде.

Бұл жөнінде университет ректоры Болатбек Абдрасилов 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп берген жиында мәлім етті. Жиынға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, мәслихат хатшылары мен депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер,  университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері, ата-аналар мен студенттер офлайн және  университеттің әлеуметтік желілері арқылы онлайн режимде қатысты. Оқу орнының жетістіктері, материалдық-техникалық базасының толықтырылуы, қаржы мәселесі, жалақы мөлшерінің арттырылуы, контингент саны, қашықтан білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы,  ғылым саласы және тағы басқа да жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстар туралы баяндалды.

Дүниежүзінде орын алған індетке байланысты наурыздан бастап университеттің оқу процесі толықтай қашықтан оқыту жүйесіне көшірілген. Ректор осыған орай, қашықтан білім беру сапасына да тоқталды. Университетте 5 жылдан бері сəтті жұмыс істейтін Түркия Республикасының ең озық жүйесі ТурТЕП негізінде қашықтан оқыту бойынша барлық оқу түрі онлайнға уақтылы әрі сапалы көше білді.  Биыл қаңтарда университет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ерекше мәртебеге ие болды. Бұл мәртебе  үлкен академиялық және басқарушылық дербестік бере отырып, Ph.D. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін дайындауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және жеке үлгідегі дипломдарды беруге жол ашты. Сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын 75%-ға, қызметкерлердің жалақысын 30%-ға арттыруға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға мүмкіндік берді.

Университетте 19 елден келген 40 астам ұлыс пен ұлт жастары, яғни 1500-ге жуық шетел азаматы оқиды. Түркия, Болгария, Венгрия, Албания, Босния, Герцеговина, Косово, Əзірбайжан, Ресей елдерінің студенттері еш кедергісіз университеттің қашықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Сондай-ақ есептік жиын барысында ректор офлайн және онлайн түрінде қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

«Каспий» ҚПЛ-да қалды

Футбол • Бүгін, 08:19

«Алаш» – нағыз ұлттық идея

Оқиға • Бүгін, 08:12

Сайлаушыларға үндеу жолдады

Саясат • Бүгін, 08:11

Қайырымдылық дүкені бар қала

Руханият • Бүгін, 08:03

9 жасар баланың өмірін жалмады

Коронавирус • Бүгін, 07:59

Көптен күткен жекпе-жек

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:53

Плей-офф кезеңіне шықты

Футбол • Бүгін, 07:51

Ұқсас жаңалықтар