Аймақтар • 23 Қараша, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Той-томалақты тоқтату керек

49 рет көрсетілді

Түркістан облысы аумағында отбасылық, мерекелік іс-шаралар тоқтамай тұр. Бүгінгі күнге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалған кезекті апталық аппарат отырысында соңғы көрсеткіштер ортаға салынды. Көрсеткіштер көңіл көншітпейді, осыған орай барлық аудан, қала әкімдері қатаң сынға ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қолданылмақ.

«Той-томалақ барлық аудандарда бар. Эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Тез арада тиісті шара қолданылсын», деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы 5 айда облыс бойынша жасақталған 119 мобильді топ құрамы және аумақтық полиция басқармалары қызметкерлері  тарапынан 36765 нысан тексеріліп, 5 194 карантин режимі талаптарының бұзушылықтары анықталған.

Соңғы жаңалықтар

Маңызды қадам болды

Парламент • Бүгін, 15:06

Қалалық мәслихат сессиясы

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Парламентке тапсырма берді

Парламент • Бүгін, 14:35

Ұқсас жаңалықтар