Қазақтың ұлттық-жауынгерлік ойын-сайыс түрлерінің дені ат үстінде немесе жылқы түлігін пайдалану арқылы іске асады. Мысалы, ат жарысы немесе бәйге түрлері – аламан, жорға, тай, құнан, дөнен, бесті, айғыр жарыс, сондай-ақ жауынгерлік ойын-сайыс түрлері – аударыспақ, көкпар, қыз қуу, ат үстінде садақ (жамбы) ату, теңге ілу т.б. Яки осында айтылған ат спорты ойын-сайыс түрлерін орындау үшін сәйгүлікпен қатар жылқының жабдығы, яғни ат әбзелдерінің де алатын орны ерекше. Ат әбзелдері деп алдымен ер-тұрманды, оған қоса жылқыны жуасытуға немесе басқаруға ыңғайлы жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан қатарлы жарақтарды айтамыз.
Ер-тұрман – атқа міну үшін қолданылатын жабдық. Оның түрі көп. Тұрмыста қолдану мүмкіндігіне қарай: қария ер, бәйбіше ер, жігіт ер, әйел ер, бала ер т.б. болып бөлінсе, жасаған материалына байланысты: қайың ер, қарағай ер, құрама ер, темір ер т.б. Ал ерді әшекейлеп безендіруіне қарай: алтын ер, күміс ер, оюлы ер, құранды ер деп аталса, кескін-келбеті, яғни пошымына байланысты: қапталды ер, жайпақ ер, биік ер, сауырлы ер, қоқан ер, орыс ер т.б. атаулары бар.
Ердің қаңқасына тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, қанжыға, үзеңгі, таралғы немесе үзеңгі бау, жүген, шылбыр, тізгінді қосып толық түрде ат әбзелдері деп атайды. Ұлттық мұрамыздың жанашыры, шебер ұста, марқұм Дәркембай Шоқпарұлының әдіптеп жазған жырына назар аударсақ:
Сүйегін сомдап шаптым
талды қиып,
Аласа артқы қасы, алды биік,
Атқа да, адамға да жайлы бұл ер,
Алсаңыз өкінбейсіз малды жиып.
Ер-тұрман, ат-әбзелін күмістеп ем,
Күрделі іс, көп-ақ мұнда
жұмыс деген,
Қақталған аппақ күміс
жалт-жұлт етіп,
Япырмай, дегізгендей кім істеген.
Шаужайы, ауыздығы, сулығымен,
Кекілдік, сағалдырық, баулығымен,
Шылбыры, шығыршықты тізгінімен,
Сымбатты, салтанатты
құнды жүген.
Тартпасы, құйысқан мен өмілдірік,
Үзбелеп, әшекейлеп, төгілдіріп,
Дәркембай деген ұста даярлаған,
Көпке арнап көздің майын
төгіп жүріп.
Оқпанға бет тақасаң мұрын тимес,
Атыңа жалпақ өрген жырым тимес,
Жақсы ерді жасай алмас ешбір адам,
Қыры мен көкейіне сырын түймес.
Тоқымын қайып тіктім желдігімен,
Көз тартар кісілігі кеңдігімен,
Таралғы, үзеңгісі, қанжығасы,
Таралып түгенделді енді міне.
Жоғарыда ұста ағамыз айтқандай, ат әбзелдерін дайындау шеберлікті талап ететін жұмыс. Ертеде аталарымыз, ат үстінде, ер жастанып, толарсақтан саз кешіп жүріп, байтақ даласын қорғаған. Сондықтан да, ел аузында, «тұлпар ерді сақтайды, ер жерді сақтайды» деген тәмсіл бар.
Ердің алдыңғы және артқы қасы болады. Ердің көпшігін басып, аттың жуан қарнын орай тартылған жуан белдікті пыстан деп атайды. Ердің қос қапталының астында орналасқан, аттың арқасын жауып тұратын жалпақ киізді тоқым дейді. Оның ұзындығы – 120-130 см, ені – 60 см көлемінде болады. Тоқым нығыз пісіріліп, жақсы иленген тірі жүннен жасалады. «Тірі жүн» деп, көктемде туған марқа қозының күзгі қырқымын айтамыз. Киіз тоқымды көбінде былғарымен қаптап, жиегін қымбат матамен сырып тігеді. Оны сырмалы былғары тоқым дейді. Бұдан басқа көмкерме тоқым деген де бар.
Тебінгі – ердің қос қапталындағы үзеңгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. Оны жұмсақ теріден немесе былғарыдан жасайды. Ол тоқым мен үзеңгі бауды терден сақтайды. Жырау Махамбет Өтемісұлының: «...тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей...» немесе «...тебінгі теріс тағынбай, темір қазық жастанбай, қу толағай бастанбай, ерлердің ісі бітер ме?» деген тіркестер тебінгінің мазмұнын ашып тұр.
Таралғы немесе үзеңгі бау – ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзенгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ат үстінде тұрып садақ тарту немесе найзаласу кезінде негізгі күш үзеңгі бауға түседі. Сондықтан да, үзеңгі бау немесе таралғының сайыс кезінде маңызы өте зор болған. Қазақтың ауызекі сөзіндегі «үзеңгі бауы сегіз қабат, ат үстінде шіреніп...» деген тіркесі тегін айтылмаса керек.
Үзеңгі – атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Үзеңгі негізінен темірден жасалады, әрі оның түрі көп. Қыздар мен әйелдің үзеңгісі жеңіл әрі оюлы әшекейімен көз тартса, ер адамдар үзеңгісі берік қалың темірден жасалады.
Жүген – аттың басына кигізілетін, міндеті – атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің құрылымы: желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық, ауыздық және тізгін-шылбырдан тұрады. Жүгеннің түрі көп. Атап айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген, үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген аттың басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. Сондай-ақ ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген қолданатын болған.
Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан аттың тезек тастайтын тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі құйысқанға қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді. Мұндайды біздің қазақ жақтырмай «құйысқанға қыстырылған боқ сияқты» деп айтады.
Өмілдірік – ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тартылған құрал. Өмілдірік – төсбау және айылбас салпыншақтардан тұрады. Төсбаудың міндеті – омыраудағы өмілдірік аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланады. Өмілдірікті жұмсақ қайыстан сәндеп жасайды. Жасалу үлгісі мен пошымына қарай – өрмелі, шытыралы, түймелі, үзбелі, күмістелген т.б. түрлері бар.
Айыл – ат үстіндегі ер-тұрманды нық ұстап тұратын, жалпақтығы екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, жырымға қосылады. Айылды міндетіне қарай – төс айыл және шап айыл деп бөледі. Кейде алдыңғы айыл немесе артқы айыл деп те атай береді. Шап айыл төс айылға қарағанда ұзын болады. Әдетте төс айылды қатты тартып, шап айылды аттың қарнын қиып кетпеу үшін босаң тартады. Халық аузындағы, «Төс айылдың батқанын иесі білмес ат білер, Ағайынның қадірін жақыны білмес жат білер» деген мәтелдің болмысы біздің сөзімізді толықтырып тұрғандай. Айылдың жалпақ таспалы және өрмелі түрлері бар. Өрімшілердің шеберлігіне байланысты өрім түрі – астылы, үстілі, тесік, ойық, қырлы, жалды, өзекті, сайлы т.б. болып бөлінеді. Өрім 4 таспадан 12 таспаға дейін өріледі. Өру барысында, айылға шашақ, шоқ, көз, тіл салып әсемдейтін де кездері бар.
* * *
Сөзімізді түйіндер болсақ, қазақ халқы ат әбзелдерін – тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай әртүрлі пайдаланған. Тұрмыстық мақсатқа: күнделікті шаруаға қажет ат әбзелдері жатады. Оны сәндемейді және ұсақ түлік тай-тайыншаның терісін пайдаланады. Сәндік мақсат үшін жасалған әбзелдер қатарына – ұзатылған қыздың ат әбзелі, ас-тойға немесе салтанатты жиынға баратын ел ағаларының ат әбзелдері және әулеттік-отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан құралдар жатады. Ал жауынгерлік әбзелдің ерекшелігі – өте берік болады, нағыз атан өгіздің терісінен жасалады. Оны сәндеп жатпайды, бірақ көшпенділер шайқас кезінде ат әбзелдеріне ритуалдық таңбаларын шаптайтын дәстүр болған.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар