Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Сайрам ауданы 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

7 рет көрсетілді

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің дерегінше, 12 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Яғни 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 45 жолға, яғни 89,9 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек - Шаян - Аққала - Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтті. Нысан 2021 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.

Соңғы жаңалықтар

Соққан жел нысандарды қиратқан

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар