Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шалқыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.

Бұл ретте 250-ден астам музыка аспаптарын жинап, сақтаған, 500 жыл бойы жоғалдыға саналған шертер мен жетігенді тауып, қазақтың көптеген көне музыкалық аспаптарын ХХ ғасырда зерттеп, халқымен қайта қауыштыруға бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен, 1968 жылы олардан арнайы ансамбль ұйымдастырған белгілі ғалым Болат Сарыбаев есімін әрдайым ардақ тұтамыз.
Сол дәстүрді жалғастырушы шәкірттерінен бүгінде белгілі музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрімнің еңбегі айрықша аталады. Өйткені, тарихи-мәдени мұраларымызды жаңғыртып, халқымен қайта табыстыруда орасан зор тер төккен мұндай тұлғалар һәм толағай еңбектер ешқашан ел есінен шықпақ емес. Сондай-ақ, көне аспаптардың ойнау тәсілдерін қайта өңдеуге, қалпына келтіруге, дәстүрлі түр-тұрпатын сақтап қалуға елеулі еңбек сіңірген еліміздегі этнографиялық-фольклорлық оркестрлер мен ансамбльдерге, жекелеген этнотоптарға рахмет. Ежелден кең тараған домбыра, қобыз аспаптары қатарын жетіген, сазсырнай, сыбызғы, үскірік, адырна, шертер, асатаяқ, дауылпаз тәрізді т.б. ұлттық музыкалық мұралармен толықтырып, ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсырған музыкалық аспаптарды түрлентіп, түлетуге айрықша атсалысып келе жатқандығы үшін.
Алайда, еліміздің түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы деген деректі көзіміз шалғанда, апыр-ай, бұл сан біз үшін жағымды жаңалық па, әлде толғандырар мәселе ме деген ойға тірелдік. Себебі, мұншама байлығы бар қазақ неткен бақытты еді. Дедік. Ал бірақ олардың көбінің текке музейде «мұздап», мүлгіп тұрғанынан не пайда? Оларды еліміздегі ұлт-аспаптар оркестрлеріне енгізуге не кедергі болып отыр дейміз ғой баяғы. Осы үшін қазақ ұлт аспаптары оркестрлеріндегі музыкалық аспаптарға әдейілеп назар аударып көрдік. Олар: домбыра, қылқобыз, қобыз, шертер, альт-қобыз, контрабас қобыз, прима қобыз, сырнай, бас домбыра, домбыра контрабас, флейта, гобой, литавра, барабан, тарелка, тоқылдақ аспаптары екен. Домбыра мен қобыздың жаңғыртылған түрлері қосылды дегеніміз болмаса, арасынан жоғарыда аталған байырғы саз аспаптарының бірде-бірін көрмейсіз. Ал бірлі-жарым төл аспаптың заманауи талапқа сай жаңғыртылып, дамытылуы ешкімге бүгінде таңсық іс емес. Мұндай үрдіс басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, орыстың музыкалық аспап шебері В. Андреев әріптесі С. Налимовпен бірігіп ХІХ ғасырдың аяқ шенінде балалайканың прима, альт, бас, контрабас түрлерін жасап шығарған болатын. Соған қарамастан бұлардан біздің халықтың ерекшелігі – музыкалық мұраларымыздағы көптеген құнды байлық (мысалы, күйлер) төл аспаптардың құдіретімен орындалды. Данадан далаға жеткізуші насихатшысы, үні жалғыз солар болды. Осы реттен келсек, бізде толып жатқан тамаша мұралар бар емес пе, солардың жүзіне неге қан жүгіртпеске, домбыра мен қобыздың үнімен осыларды неге жарасымды үйлестірмеске деген аңсардың арнасы ернеуінен асып таси жөнеледі. Мына әңгімені ортаға салу себебіміз – келешекте ұлт аспаптары және фольклорлық-этнографиялық оркестрлер сахнаға жүз пайыз өзіміздің төл музыкалық аспаптарымызбен жарқырап шығар күн туар ма екен деген айпара ой ғой. Әрине, бірақ бұл іс оп-оңай оң жамбасқа өңгерілер олжа болады деп айта алмаймыз.
Белгілі композитор, академик Ахмет Жұбанов: «Халық аспаптарының шектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр» деген екен. Сайып келгенде, ел Президентінің биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының түпкі идеясы, жалпы басты мақсат-мұраты да негізінен сол құндылықты халық болып, Қазақ елі болып жұмыла қорғай білу емес пе? «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» делінген мұнда. Демек, бірде-бір төл аспап назардан тыс қалып қоймауы тиіс. Халқымыздың ұлттық музыкалық төл аспаптарының бәрі бірдей ойнап, әрдайым әрекетте, ұдайы ұмтылыста, қозғалыста болуы керек. Ешкім ойнамай, керегеде босқа ілулі тұрған домбыраның үні бітеліп, тарта бастағанда-ақ шектері құмыға ызыңдап, бастапқы қасиетінен мүлде айырылып қалмай ма? Соны ойлағанда сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран, қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай, мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней, даңғыра, кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл, шаңқобыз, асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау... т.б. байырғы музыкалық аспаптар үні неге бүгін өшіп тұр, адырна неге адыра қалды деген жартасқа барып бір-ақ тірелесің...
Қарашаш Тоқсанбай,
«Егемен Қазақстан»
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар