Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға басты өлшем болып келе жатқан осы қағидаға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүргеніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.

Технологиялық жетістіктермен бірге ақпарат таратудың алуан түрі пайда болып, интернет ресурстарының өмірімізге дендеп енуі дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырып, газеттің жойылуына әкеліп соқтырады деген даурықпа әңгімені тудырғаны мәлім. Бір кездері телеарналардың дамуына байланысты газеттің болашағына күмәнмен қарағандар аз болмаған, тіпті мұндай дақпырт сөзге небір коммуникация құралы пайда болған қазіргі қоғамның өзінде ерік беріп, еріп кетіп жүргендер табылады. Алайда әлемдік газет өндірісінің тәжірибесі ақпарат құралының қандай да бір жаңа түрі ойлап табылғанына қарамастан, олардың жүрегі дамылсыз соға беретінін, қоғам ағзасымен бірге қозғалыста өмір сүретінін бүкпесіз дәлелдеп отыр.
Бұл жерде біз өзіміз нан тауып жеп жүрген саланы жұртқа насихаттап, басылымның бағасын арттыру мақсатында сөзуарлыққа салынып, ішкі есебімізді түгендеу үшін әңгіме індеткелі отырғанымыз жоқ. Яки болмаса газет оқығысы келмейтін кейінгі жастарға көсемсіп ақыл айтпақ ойымыз тағы жоқ... Банкте несие құжатымызды толтырып отырған қазақтың қарапайым қара баласының: «Қай жерде жұмыс істейсіз?» деген сұрағына газеттің атын, қызметімізді тәптіштеп айтып бердім. Қағаздан көзін алмай шұқшиып отырған оның кенет шұғыл бұрылып: «Қағаз газет әлі шыға ма?», деп таңғала сұрағаны қатты шошындырды. Газет туралы аз-маз ой қозғаудағы мақсат – өзіміз куә болған осы жайтқа оралып, банк қызметкерінің сұрағына қысқаша жауап беру ғана еді.
Шынын айту керек, кейінгі жас толқынның көбі газет-журнал оқымақ тұрмақ, олардың атын дұрыс атап бере алмауы мүмкін. Газет-журналдардың рөлі мен орнын заманауи сипаттағы коммуникация құралдары атқарып, интернет күші баса алса, телефон, компьютер жасап шығарып отырған алдыңғы қатарлы алпауыт елдер бірінші болып неге жауып тастамайды? Мысалы, Жапонияда «Иомиури» газетінің күнделікті таралымы 9 миллионнан асып жығылады екен. «Асахидің» 61 өңірлік, 226 жергілікті бюросы бар десек, ал газет-журнал, баспа ісімен айналысатын «Асахи», «Майнити», «Иомиури», «Нихон кэйдзай», «Санкэй» сияқты ірі-ірі 166 компанияның қыруар табысы басылымдардың өмір талабына ілесуден артта қалып қойып жатпағанын аңғартады. Интернет пен газеттердің арасалмағын анықтау мақсатында Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрлігі 1500 адамға сауалдама жүргізгенде, жұрттың 70,1 пайызы газетке толық сенім артатынын жеткізген. Әлемді озық технологиясымен жаулаған Күншығыс елінде жұрттың газетке деген сүйіспеншілігін осы бір ғана деректен айқын сезінуге болады.
Кей мәліметке сенсек, АҚШ-та шетелдегі бір тілшісіне шамамен жылына 250 мың доллар төлейтін газеттер бар дейді. «Нью-Йорк Таймс», «Уолт-стрит-джорнел», «Вашингтон пост», «Чикаго трибюн», «Лос Анжелес таймс», «Балтимор сан», «Бостон голуб», «Крисчен Сайенс Монитор» сияқты басылымдардың шет-елдегі тілшілері белсенді жұмыс істейді. Сонымен қатар «Ганнет», «Доу джонс», «Херст корпорейшн», «Ньюс корпорейшн», «Дженерал электрик», «Тайм Уорнер» тәрізді 113 алпауыт топтың ақпарат айдынында алар орны айрықша саналады.
Ұлыбританияда оқырманның қолына таңертең тиетін «Таймс», «Дейли телеграф энд Морнинг пост», «Дейли экспресс» тәрізді т.б. газеттер, таңертең және кешке оқылатын «Ивнинг ньюс», «Ивнинг стандарт», сондай-ақ жексенбілік «Санди таймс», «Уикэнд» мұнан бөлек тағы апталық, аймақтық «Обсервис», «Санди экспресс» басылымдары бар.
Германияда 1601 басылым 25 365 500 дана таралыммен басып шығарылатын көрінеді. Сонысына орай мың адамға шаққандағы тиражы бойынша Жапония, Ұлыбритания, Швейцариядан кейінгі төртінші орында тұр. Мысалы, күнделікті жарық көретін «Neues Deutschland» газетінің тиражы – 1 млн 65 мың. Үнем мен дәлдікке үйренген неміс халқы газеттен пайда жоқ болса, неге бұлай босқа шығындалып отыр? Әрине осы орайда біреулер біздегі газеттердің оқылмауын басқа себептерден іздеуі мүмкін. Мұндайда Жүсіпбек Аймауытовтың: «Елге арналып шығатын газетті ел оқымаса, өйткені жанына жағымды, тісі батарлық сөздер басылмаса, ондай газет бағасын жоймақ: кім көрінгенге қолжаулық, майлық, шылым орауыш, тағы бірдеме болмақ. Бірақ газетшіге кінә қоятын да, қоймайтын да орын бар. Жұрт жазбаса, ішіндегісін тауып жазатын газетші «тәуіп емес...», – деген сөзіне мән берсек, басылымды байтақ даланың басты үні етуге әр қазақтың баласы жауапты.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Бүгін, 22:05
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 21:18
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Бүгін, 20:55
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Бүгін, 20:24
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Ұқсас жаңалықтар